Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады! Оның мәтінін Ақорда баспасөз қызметі жариялады. — Қымбатты отандастар! Баршаңызды ұлттық мерекеміз — Республика күнімен құттықтаймын! Бұл — мыңжылдықтардан тамыр тартатын қазақ мемлекеттілігінің қайта жаңғыруын айшықтайтын қастерлі мереке. Біз егемендік жылдарында талай сын-қатерді еңсеріп, биік белестерді бағындырдық. Осылайша, еліміздің іргесін бекемдеп, елдігіміздің тұғырын нығайта түстік. Қазақстан Тәуелсіздіктің …
Ұлт құндылығы мен мәдениеттің мән-мағынасы айшықталатын, дәстүр дәріптеліп, тарихтан сыр шертілетін Алматы облысындағы жарқын жобалардың бірі – «Ауылым – алтын бесігім» байқауы. Қала мен ауданның мәдениет күндері аясында ұйымдастырылатын бұл шара биыл да дәстүрінен жаңылмады. Алғашқысы Іле жерінде басталып, одан кейін көршілес аудандарда жалғасып жатты. Ал осы аптада қасиетті Қарасайда тойланып, сәрсенбінің сәтінде байқаудың комиссиясы …
Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті дамыту – қоғамның жаңа мүмкіндіктерге қадам басуы. Цифрландыру – тиімділік пен қолжетімділікке жол. Жасанды интеллект – инновация мен дамудың жаңа бағыты. Заманауи технологияларды тиімді пайдалану арқылы қызмет көрсету сапасын арттырып, уақытты үнемдеп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашамыз. Цифрлық даму – жарқын болашақтың негізі!
Бүгін мектебіміздің маңында орналасқан сауда орындарында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және зиянды өнімдерді тұтынудың алдын алу мақсатында профилактикалық рейд ұйымдастырылды. Іс-шараны Қарасай АПБ ҚҚБ ЮПБ инспекторы, полиция майоры Р. А. Уркинбаев пен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Э. Бабаханова және М. Омарова бірлесіп жүргізді. Рейд барысында дүкен иелері мен сатушыларға кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін, электрондық …
Асық ату және бес асық спорт түрлерінен Алматы облысының чемпионаты өтті. Жарыс қорытындысы бойынша Қарасай ауданының спортшысы Аблин Олжас I орынға ие болып, Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдама жеңіп алды! Жеңімпазымызды құттықтаймыз! Алдағы республикалық додада сәттілік тілейміз!
«Мөлдір бұлақ» акциясы аясында «Жасыл ел» еңбек жасақшылары Қаскелең өзенінің жағалауын қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізді. Акцияның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, табиғи аумақтардың тазалығын сақтау және жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Таза табиғат – жарқын болашақтың кепілі!
Цифрлық технологиялар – қоғамның дамуына серпін беріп, күнделікті өмірді жеңілдетудің маңызды құралы. Ал жасанды интеллект (ЖИ) жаңа идеяларды жүзеге асырып, қызмет көрсету сапасын арттыруға және уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Бүгінде цифрландыру арқылы мемлекеттік қызметтерді онлайн алу, ақпаратқа жылдам қол жеткізу және заманауи технологияларды тиімді пайдалану мүмкіндігі кеңейіп келеді. Цифрландыру мен ЖИ – инновацияға жол …
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі бірлесіп бекіткен 2025–2027 жылдарға арналған «Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөніндегі жол картасы аясында, «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында «Қарасай ауданының халқына сыбайлас жемқорлық деген ұғымды түсіндіріп, оның пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру» тақырыбында …
Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектептің төңірегінде орналасқан дүкендерге рейдтік тексеріс жүргізілді. Іс-шара полиция капитаны Ертаева Шахноза мен мектеп директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Г.Нығматулла мен А.Тореханұлының бірлесуімен ұйымдастырылды. Рейдтің негізгі мақсаты – оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және зиянды өнімдерді тұтынудың алдын алу. Тексеріс барысында дүкен иелері мен сатушыларға кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін, …









