Мектептерде 9, 10, 11-сынып оқушыларының қатысуымен буллингтің, құқық бұзушылықтың алдын алу және оның болдырмау жолдары тақырыбында профилактикалық кездесу ұйымдастырылды.
Бүгін Елтай ауылында тұрғындардың өтініштері мен өзекті мәселелерін қарау мақсатында «Әділет» партиясының мобильді қоғамдық қабылдауы өтті. Қабылдауға арнайы Астана қаласынан «Әділет» партиясы Республикалық қабылдау бөлмесі меңгерушісінің орынбасары Жұмабек Ермұхаммед Нұрмаханбетұлы, Алматы облысы партиясының өкілі Данияр Алдабергенұлы, сондай-ақ Қарасай аудандық мәслихатының депутаты Сатпаева Алия Нұрмұхамедовна, облыстық және аудандық басқармалардың басшылары мен олардың орынбасарлары қатысты. Қабылдау барысында …
Шамалған ауылдық округінде орналасқан М. Әуезов атындағы орта мектепте күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін жаңарған мектептің ашылуы өтті. Жаңа оқу жылында оқушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында мектеп ғимаратына ауқымды күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, білім алушыларға заманауи әрі жайлы білім алу ортасы жасалды.
Қарасай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, Алматы облысы нашақорлыққа қарсы басқармасы және Қарасай ауданы полиция басқармасымен бірлесіп «Антиграффити» акциясы өткізілді. Мақсаты – Жастар арасында қоғамдық орындарды таза ұстау мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауға жауапкершілікті арттыру, ғимараттар мен нысандардың сыртқы келбетін бүлдіретін заңсыз жазулардың алдын алу және жастарды қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысуға шақыру. Қарасай ауданында жастардың …
«Таза бейсенбі» акциясы аясында Жібек жолы ауылдық округінде орналасқан К-28 суқоймасының маңында тазалық жұмыстары жүргізілді. Акция барысында суқоймасының аумағы тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, айналаның санитарлық жағдайын жақсарту бағытында жұмыстар атқарылды. Тазалық – баршаға ортақ іс! Табиғатты таза ұстап, қоршаған ортаға жанашырлық танытайық!
«В.Г. Белинский атындағы орта мектеп-гимназиясында 2026–2027 оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өтті. Биылғы Білім күнінің тақырыбы – «Қазақстан Республикасы Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі». Мектеп-гимназия директоры Сайбырова Тұрсын Әділбекқызы білім алушыларды, ата-аналар мен педагогтерді жаңа оқу жылымен құттықтап, Конституцияның маңыздылығын айрықша айқындап, өткен оқу жылының қорытындыларына тоқталды. Сонымен қатар, …
Тазалық – қоршаған ортаға деген құрметтен басталады. Табиғатты аялау, көшелерді таза ұстау, қоқысты арнайы орындарға тастау – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі. Таза орта – жай ғана әдемілік емес, ол – денсаулық, жайлы өмір және келер ұрпаққа қалдыратын аманат. Өз ауламыздан, өз көшемізден бастап тазалыққа үлес қосайық. 🌱 Табиғатты қорғайық! ♻️ Қоқысты сұрыптап, қоршаған ортаны таза …
Абай облысында Үшбиік, Шар және Жарма станцияларындағы теміржол вокзалдарын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Нысандарды жаңарту Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан еліміздегі теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы аясында жүргізілді. Вокзалдарды қайта жаңғырту жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға, жолаушылар мен теміржол қызметкерлері үшін қолайлы әрі қауіпсіз жағдайлар жасауға, сондай-ақ заманауи талаптарды ескере отырып, теміржол инфрақұрылымы нысандарын …
Наряду с сильнейшими педагогами страны я удостоилась чести стать делегатом Августовской конференции, проходившей в Астане при участии Президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева. Хочу отметить, что это довольно весомое событие, которое положительно отразится на моей профессиональной деятельности. Убеждена, что именно от педагогических кадров зависят как сегодняшний день, так и будущее отечественного образования. Как заметил Глава государства, сильный …
«Атамекен» тарихи-мәдени орталығында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әр азаматтың міндеті» тақырыбында жиын өтті. Жиында орталық директоры Шарбану Шәриқызы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына тоқталып, заң талаптарын қатаң сақтау қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, орталықтың шаруашылық меңгерушісі Ғабит Нұрымбетов Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының негізгі талаптары жөнінде баяндама жасады. Жиын барысында сыбайлас …










