«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында, Қарасай ауданы жастар ресурстық орталығының психолог маманы — Ақнұр Ақылбекқызының ұйымдастыруымен «Алкогольге жол жоқ!» тақырыбында Қаскелең гуманитарлы — техникалық колледжінде 150 жастың қатысуымен, жастар арасында алкогольдік ішімдіктердің алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді.
Кездесуге Қарасай көп бейінді клиникалық ауруханасының нарколог дәрігері Ақмарал Жалғасқызы және Қарасай ювеналды полиция бөлімінің қызметкері Асқар Бутаканов қатысты.
Шара барысында алкогольдің адам денсаулығына, психологиялық жағдайына және болашағына тигізетін кері әсері туралы айтылды. Сонымен қатар жастарға зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы түсіндірілді.
Кездесу соңында жастар өз ойларымен бөлісіп, сұрақтарына жауап алды.

