Действующий в Каскелене волейбольный клуб PARASSAT завоевал первенство Республики Казахстан среди клубов страны. Речь идет о девочках возрастной категории 2012-2013 годов рождения. Чемпионат проходил в Павлодаре. По словам старшего тренера клуба Виктора Пака, групповой этап наши волейболистки прошли без единого поражения. В четверть финале их соперницами стали спортсменки из астанинской команды Everest. Счет встречи – …
Өткен жексенбіде Үшқоңыр тауының етегінде жүгіруден марафон ұйымдастырылып, оған SDU University студенттері мен жергілікті тұрғындар қатысты. Қарасай ауданы әкімдігі қолдауымен өткен шараны SDU UNIVERSITY-дегі студенттердің құқықтарын қорғау ұйымның заңды өкілі, 2-курс студенті Жанабек Кайрулла мен SDU RUNNING клубы бірлесе ұйымдастырды. Бұқаралық спортты қолдауды және саламатты өмір салтын насихаттауды мақсат еткен бұл шараға жүздеген жас белсенділік …
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Тамыз конференциясының пленарлық отырысында: «…Облыста білім алып жатқан оқушылардың 75 пайызға жуығы ауылда тұрады. Олардың жан-жақты және қарқынды дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс» деп айтқан еді. Мемлекет басшысының осындай пайымды пәрменіне үлес қосып, бүгінгі таңда елді мекенде саналы ұрпақ тәрбиелеп жатқан мектептер аз емес. Әсіресе, жеке дара қалыптасып, оқушылардың …
Осы аптада аудан әкімінің халық алдындағы есеп беру кездесулері өз жалғасын тапты. Соның аясында сәрсенбі күні аудан басшысы Жасұлан Естенов Райымбек ауылдық округінің тұрғындарымен жүздесіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерімен бөлісіп, округтегі қордаланған түйткілді мәселелерді талқылады. Күн тәртібіне сәйкес аудан әкімі алдымен ағымдағы жылдың 9 айында ауданның экономикалық әлеуетін арттыру, әлеуметтік саланы қолдау және инфрақұрылымдық жағдайын …
Ағымдағы жылдың 10 қараша күні аудан көлемінде Алматы облысы балалардың құқықтарын қорғау басқармасы, балалардың құқықтарын, өмірі мен психологиялық денсаулығын қорғау, балаларға қатысты қауіп-қатерлердің алдын алу, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру мақсатында әзірленген «Алматы облысы балалардың құқықтары мен психологиялық денсаулығын қорғаудың аудандық жүйесінің алгоритмі» аясында атқарылған жұмыстарды талқылау және талдау бойынша жұмыс кеңесі өткізілді. Кеңеске …
Астана қаласында қазақтың ұлы ағартушысы, педагог-жазушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай «Бірге оқиық» атты ауқымды әдеби акция ұйымдастырылды. Республикалық деңгейде өткен тағылымды бастаманы қолдау мақсатында Каскелең қалалық кітапханасы мен аудандық Мәдениет үйінің қызметкерлері бірлесе отырып, әдеби акцияға белсене қатысты. Акцияның басты мақсаты – Ыбырай Алтынсариннің бай әдеби мұрасын насихаттау, оқырмандардың кітап оқуға деген …
Сейсенбі күні Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов кезекті есептік кездесуін Іргелі ауылдық округінде өткізді. Жиынға Іргелі, Кемертоған, Көксай ауылдары мен «Асыл арман» тұрғын үй кешенінің тұрғындары қатысып, талай мәселеге қатысты ой-пікірлерін ортаға салды. Есептік кездесуде аудан басшысы Жасұлан Тоққожаұлы алдымен Қарасай жерінде атқарылған нәтижелі жұмыстар мен алдағы жоспарлы жобаларды баяндады. Әсіресе, осы Іргелі ауылдық округінде …
Отанға деген сүйіспеншілік – туған жерге құрметпен қарап, елдің дамуына өз үлесін қосу арқылы көрініс табады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған заңды құрметтеу, тәртіпке бағыну және ел игілігі үшін адал еңбек ету қағидаттары қоғамның тұрақты дамуының маңызды негізі болып табылады. Бүгінгі таңда отаншылдық ұғымы тек елге деген сүйіспеншілікпен шектелмейді. Ол …
Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті дамыту – қоғамның жаңа мүмкіндіктерге қадам басуы. Цифрландыру – тиімділік пен қолжетімділікке жол. Жасанды интеллект – инновация мен дамудың жаңа бағыты. Заманауи технологияларды тиімді пайдалану арқылы қызмет көрсету сапасын арттырып, уақытты үнемдеп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашамыз. Цифрлық даму – жарқын болашақтың негізі!
Қарасай ауданының жекеменшік мектептері арасында 3-4 сынып оқушылары арасында футболдан тартысты жарыс өтті. Жарыс барысында жас футболшылар өздерінің шеберліктерін, жылдамдықтарын, командалық рухтары мен жеңіске деген жігерлерін көрсетті. Әр команда жоғары дайындықпен келіп, алаңда бар күш-жігерін салды! ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗДАРЫ: I орын — Nomad International School II орын — Nurdaulet School III орын — ITS School Жеңімпаз …










