Қаскелең қаласындағы Қазақ-Британ халықаралық мектебінде Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа арнаған Жолдауын талқылауға арналған кездесу өтті. Оған білім ошағының ұжымы қатысты. Кездесу барысында Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген негізгі басымдықтар мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған міндеттер сөз болды. Қатысушылар Жолдауда белгіленген бастамалардың маңыздылығына тоқталып, білім беру саласын дамыту, жас ұрпақтың сапалы білім алуына жағдай жасау және қоғамдағы …
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Райымбек ауылдық округінде кезекті сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Сенбілік барысында көшелер, қоғамдық орындар, ойын алаңдары және әсіресе мектептерге апаратын жолдар тазартылды. Аумақтар қоқыстан тазарып, санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.
«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Шамалған ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлері ауыл аумағында сенбілік жұмыстарын жүргізді. Іс-шараның негізгі мақсаты — қоршаған ортаның тазалығын сақтау, ауыл аумағын абаттандыру және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Сенбілік барысында әкімшілік ғимаратының айналасы мен оған іргелес аумақтар тазартылып, қоқыстар жиналып, тазалық жұмыстары атқарылды. Туған жердің тазалығы мен көркеюі — баршамызға ортақ …
Жібек жолы ауылындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай үстел теннисінен жарыс өтті. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, отансүйгіштік рухты қалыптастыру және жас ұрпақтың елге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, азаматтардың табысын арттыру және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударды. «Біз үшін ең маңызды мақсат – халықтың табысын ұлғайту. Ол үшін бірінші кезекте инфляциямен жүйелі түрде күресу қажет», – деп атап өтті Президент. Мемлекет басшысының …
Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданында өткен жылдан бастау алған «Мен оқыған 30 кітап» байқауы биыл да өз жалғасын тапты. Жуырда Қазталов аудандық екінші «Мен оқыған 30 кітап» байқауының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Аталған байқауға Қарасай ауданынан қатысқан Қарасай аудандық Абай атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Лашынбай Алияна Дінмұханбетқызы жоғары нәтиже көрсетіп, 100 000 теңгелік сертификатқа …
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында еліміздің экономикалық тұрақтылығын нығайтуға, қаржы жүйесінің әлеуетін арттыруға және ұлттық экономиканың орнықты дамуын қамтамасыз етуге ерекше мән берілген. Қазақстанның алтын-валюта резервтері мен Ұлттық қор активтерінің көлемі 130 млрд доллардан асуы – еліміздің қаржылық тұрақтылығы мен экономикалық әлеуетінің маңызды көрсеткіші. Бұл көрсеткіш мемлекетіміздің сыртқы …
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Іргелі ауылдық округінің аумағындағы зиратта тазалық жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында зират аумағы қоқыстан тазартылып, айналасы ретке келтірілді.
Қарасай ауданы – Алматы облысында халық саны қарқынды өсіп келе жатқан өңірлердің бірі. Соңғы он жылда аудан тұрғындарының саны 155 мың адамға немесе 40 пайызға артты. Бүгінде мұнда 386 мың адам тұрады. Халық санының өсуіне Алматы қаласына жақын орналасуы, көлік-логистикалық мүмкіндіктері мен жаңа жұмыс орындарының ашылуы ықпал етуде. Урбандалу үдерісіне байланысты әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды …
2026 жылғы 12–13 қараша күндері Түркістан қаласындағы Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында «Кітап оқитын ұлт: оқу мәдениетін дамыту жолдары» тақырыбында екі күндік семинар өтті. Аталған маңызды іс-шараға Қарасай аудандық кітапханасының директоры Ұлдархан Қаханқызы да қатысып, кітап оқу мәдениетін дамыту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және кітапханалардың қоғамдағы рөлін арттыру мәселелеріне арналған пікірталас пен тәжірибе алмасу алаңына …










