Қаскелең қаласындағы Қазақ-Британ халықаралық мектебінде Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа арнаған Жолдауын талқылауға арналған кездесу өтті. Оған білім ошағының ұжымы қатысты.
Кездесу барысында Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген негізгі басымдықтар мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған міндеттер сөз болды.
Қатысушылар Жолдауда белгіленген бастамалардың маңыздылығына тоқталып, білім беру саласын дамыту, жас ұрпақтың сапалы білім алуына жағдай жасау және қоғамдағы өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушыларға Жолдаудың негізгі бағыттарын кеңінен талқылауға мүмкіндік берді.

