Отбасы – тек бір шаңырақтың астында өмір сүру емес. Отбасы – өзара сыйластық, қамқорлық, ізгілік және үлкеннен кішіге берілетін құндылықтардан басталады. Қарасай ауданының «Көкөзек ауылындағы жайлы мектеп» » КММ-де қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері мен отбасылық тәрбиесін дәріптеуге арналған «Салтпен сырласқан сырлы ғұмыр» атты тәрбиелік іс-шара өтті. Іс-шара барысында халқымыздың дәстүрлі «Беташар» рәсімі көрсетіліп, оның тәрбиелік …
Күн тәртібінде аудан тұрғындарының қауіпсіздігіне тікелей қатысты бірқатар мәселе қаралды. Атап айтқанда, құқықбұзушылыққа бейім азаматтармен жұмыс, жазасын өтеп шыққан азаматтарды қайта әлеуметтендіру, жол қауіпсіздігі және қоғамдық көлік мәселелері сөз болды. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың түнгі уақыттағы қауіпсіздігін күшейту, заңсыз алкоголь саудасының жолын кесу және қауіпті учаскелерге бейнебақылау орнату бойынша ұсыныстар қарастырылды.
Жылда дәстүрлі түрде елімізде жаңа оқу жылының қарсаңында әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына қолдау көрсететуге бағытталған «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы бастау алатыны белгілі. Бұл игі бастама ағымдағы жылы да «Балаларға бірге көмек берейік!» деген ұранмен өз жалғасын табуда. Оның аясында Қарасай ауданында көптеген ауқымды шаралар ұйымдастырылып, жақсы жұмыстар жүзеге асырылып жатыр. Сондай шаралардың бірі …
Қазір біздің қоғамда балалардың ой-қиялына қанат бітіретін, білімге деген талпынысына жол ашатын, болашаққа сенімді қадам жасауына ықпал ететін ұйымдардың қажеті қатты білінеді. Әсіресе, сөйлеу тұрғысында тілін дамытып, жан-жақты өсуіне және айналасын тануына қолдау көрсетудің маңызы зор. Баланың болашағы үшін жұмыс істейтін мұндай мекемелердің біразы Қарасай жерінде де орналасқан. Әрбірінің өз мақсаты, межелі міндеті, жеткен жетістігі …
Семья – это большая ценность, ведь от того, насколько крепки и здоровы эти ячейки общества, зависят стабильность и целостность государства, будущее детей. Согласитесь, ребенок, выросший в полноценной семье, то есть вместе с папой и мамой, гораздо счастливее. Именно поэтому в нашей стране делается всё возможное для укрепления института семьи. В частности, 13 сентября отмечается День …
Елімізде соңғы уақытта тазалыққа аса мән беріліп, көпшіліктің қатысуымен қоршаған ортаны қорғау басты назарға алынған. Оған әсер еткен факторлардың бірі – «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы. Дәл осылай айтуға толық негіз бар. Өйткені ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашыл болған мұндай ұлттық шара қолға алынғалы, расымен, апта сайынғы сенбіліктердің легі үзілмей, ұжымдық тазалық жұмыстардың қатары артты. …
Қарасай ауданында әр жылдың соңында халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын түбегейлі жақсартуға, өңірдің экономикалық әлеуетін арттыруға және инженерлік-инфрақұрылымын заман талабына сай дамытуға бағытталған кешенді даму жоспары түзіліп, келер жылдың басты бағдары айқындалады. Әлбетте, бұл жоспар құрғақ сандар мен ресми есептерден емес, ең алдымен жергілікті тұрғындардың күнделікті өмірінде кездесетін нақты қажеттіліктерінен, түйткілді мәселелері мен ашық айтылған ұсыныс-тілектерінен құралады. …
«Таза Қазақстан» акциясы – бұл тек қана қоқыс жинау науқаны емес, сана мен мәдениеттің жаңа деңгейіне көтерілудің жолы. Қоршаған ортаны қорғау әрбір азаматтың күнделікті саналы әрекетінен, кішігірім қадамдарынан басталады. Қоршаған ортаның жағдайы көбіне біздің күнделікті әдеттерімізге тікелей байланысты. Көшеге қоқыс тастамау, полиэтилен пакеттер мен пластик өнімдерін барынша азайту, табиғат аясында демалғаннан кейін артымыздан тазалық сақтау …
Жолдың жаңаруы – жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігіне тікелей әсер ететін маңызды бастамалардың бірі. Тасжолдың келбеті жаңара түссе, инфрақұрылымның дамуына әсер ететіні анық. Ал бұл бағытта Қарасай ауданында атқарылып жатқан жұмыстар жетерлік. Тұрғындардың талап-тілегі мен ауданның әлеуетін жақсарту мақсатында жолдардың жөнделуі мен жаңа көшелердің жаңаруы жақсарып келеді. Бүгінгі таңда Қарасай ауданы бойынша автомобильдер жолдарының жалпы ұзындығы 1439 …
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында күні кеше Қарасай жерінде аптаның дәстүрлі басқосуына айналған «Таза бейсенбі» шарасы ұйымдастырылды. Игі іске қала мен ауылдық округ аумағындағы мемлекеттік және жекеменшік мекеменің өкілдері, жергілікті кәсіпкерлер, жастар қауымы және басқа да белсенді тұрғындар атсалысып, аудан аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді. Ауқымды ұйымдастырылған сенбіліктердің бірі Іргелі ауылдық округіне қарасты Кемертоған ауылындағы …










