Әрбір үйдегі сөреде немесе антресольде отбасының фотосуреттермен өрілген шежіресі сақтаулы тұрғаны анық. Олар – жүрекке жақын жандардың бейнесін, бақытты да шуақты күндерді, әсем жерлер мен маңызды оқиғаларды жадымызда жаңғыртатын құнды жәдігерлер. Фотосурет – өткеніміздің жаңғырығы, тарихымыздың куәсі. Осы естеліктерді сақтап, отбасы тарихын келер ұрпаққа жеткізу үшін суреттерді арнайы альбомдарға – фотоальбомдарға жинақтаған. Қарасай аудандық тарихи-өлкетану …
Әрбір баланың бойында уақыт өте келе үлкен арманға, айқын мақсатқа және толағай жетістікке ұласатын ерекше қабілет пен табиғи дарын бар. Сондықтан өскелең ұрпақтың бос уақытын мазмұнды әрі тиімді ұйымдастыру, әр жеткіншектің бойындағы шығармашылық әлеует пен спортқа бейімділікті дер кезінде байқап, дамыту – бүгінгі қоғам мен ата-ана алдындағы ең маңызды міндеттердің бірі. Осы игі мақсатта елімізде …
«Nomad International School» жекеменшік мектебінің оқушылары Іргелі ауылдық кітапханасына саяхат барысында сүйікті кітаптарымен естелік суретке түсті. Оқушылардың кітаппен түскен суреттері заманауи технология көмегімен аниме стилінде өңделіп, ерекше көрініске ие болды. Кітапқа деген қызығушылықтары артып, әрбір оқушының жүзінен қуаныш байқалды!
2026 жылғы 20 қараша күні Қарасай аудандық ішкі саясат бөлімі мен «Жетісу жастары ұйымының Конгресі» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қарасай аудандық әкіміндігінде қоғамдағы татулық пен бірлікті нығайтуға, ұрпақ тәрбиесі мен қоғамдық келісімді дамытуға үлес қосып жүрген Ақсақалдар кеңесі және Аналар кеңесінің мүшелеріне арналған «Татулық пен бірлік» марапаттау рәсімі өтті. Іс-шара барысында кеңес мүшелерінің қоғамдағы ынтымақты …
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Шамалған ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлері әкімдік ғимаратының айналасында тазалық жұмыстарын жүргізді. Іс-шараның мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, абаттандыру жұмыстарын жүргізу және тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру. Таза ауыл – таза болашақтың кепілі! Әрқайсымыз туған жеріміздің көркеюіне үлес қосайық!
Ұмтыл ауылдық округі аумағында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Таза сенбі» санитарлық-тазалық шарасы ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, ауыл аумағын абаттандыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру. «Таза сенбі» акциясы алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады. Ауыл тазалығы – баршаға ортақ міндет. Қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, тазалық жұмыстарын қолдауға шақырамыз.
Кітап оқу – адамның дүниетанымын кеңейтетін, ой-өрісін дамытатын, рухани байлығын арттыратын маңызды құндылықтардың бірі. Кітаппен дос болған ұрпақ білімге құштар, саналы, парасатты әрі бәсекеге қабілетті болып қалыптасады. Бүгінгі жаһандану дәуірінде мемлекеттің дамуы тек экономикалық жетістіктерімен емес, қоғамның білім деңгейімен, мәдениетімен және интеллектуалдық әлеуетімен де өлшенеді. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, жас ұрпақты әдебиетке баулу және …
«Таза Қазақстан» – қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға және туған жеріміздің тазалығын сақтауға бағытталған жалпыұлттық экологиялық акция. Акция аясында Жандосов ауылдық округінде аумақтарды тазалау, көшелер мен қоғамдық орындарды ретке келтіру және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Тазалық – әр адамның ортақ міндеті. Туған жерімізді таза ұстап, табиғатқа жанашырлықпен қарайық!
Мемлекет басшысының «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру аясында Алматы облыстық орталық әмбебап кітапханасында «Зерделі ұлт және кітап оқу мәдениеті: жаңа міндеттер мен басымдықтар» тақырыбында зияткерлік алаң өтті. Аталған маңызды басқосуға Қарасай ауданынан да кітапхана саласының өкілдері қатысып, өңірдегі кітап оқу мәдениетін дамыту, оқырмандар қатарын көбейту және …
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Райымбек ауылдық округінде кезекті сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Сенбілік барысында көшелер, қоғамдық орындар, ойын алаңдары және әсіресе мектептерге апаратын жолдар тазартылды. Аумақтар қоқыстан тазарып, санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.










