Қарасай ауданында аудан әкімінің орынбасары Азамат Серікұлының қатысуымен «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасын іске асыру мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті. Жиын барысында жобаны жүзеге асыру барысы талқыланып, алдағы міндеттер айқындалды. Сонымен қатар, тиісті бөлімдерге нақты тапсырмалар беріліп, жобаны тиімді іске асыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізу міндеттелді. Басты мақсат – аудан тұрғындары арасында кітап оқу мәдениетін …
Әйтей ауылдық округінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, ауыл аумағын абаттандыру және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Сенбілік барысында мекеме қызметкерлері ауыл көшелерін, қоғамдық орындар мен аумақтарды тазалап, тазалық жұмыстарына белсене қатысты.
Қарасай аудандық кітап-ханасының оқу залында «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонының аясында «Ана – қоғамның ұйтқысы, ұлттың тірегі» атты пікір алмасу кеші өтті. Тағылымды іс-шараның мақсаты – ананың қоғамдағы орнын дәріптеу, отбасы құндылықтарын насихаттау, ұрпақ тәрбиесіндегі ананың рөлін айқындау және ұлттық-рухани құндылықтарды ұлықтау. Бұл кешке «Анаға құрмет» музейінің қор сақтаушысы Жанат Мұхтарова, Абай атындағы орта мектеп-гимназиясының …
Долан жайлы мектебінің оқушылары республикалық «Кітап оқитын ұлт» акциясын зор ықыласпен қолдайды! Біз үшін кітап оқу – тек тапсырма емес, бұл: 💡 Дүниетанымды кеңейту; 🗣️ Сөздік қорды байыту; 🚀 Болашаққа жасалған үлкен қадам! Мектебіміздің оқушылары күн сайын көркем әдебиет әлеміне саяхат жасап, жаңа идеялар мен шабыт алуда. Өйткені оқыған ұрпақ – білімді әрі сәтті болашақтың …
Қарасай аудандық кітапханасында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шара барысында кітапхана аумағын тазалау, айналаны ретке келтіру және қоршаған ортаның тазалығын сақтау жұмыстары жүргізілді. Тазалық – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз. Таза қоршаған орта – жарқын болашақтың кепілі!
Өткен аптада «Ауылым – алтын бесігім» атты қала мен аудандағы мәдениет күндері аясындағы байқауға орай Қарасай аудандық кітапханасы арнайы кітап көрмесін ұсынды. Шараның мақсаты – туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, ауыл тарихын дәріптеу, ұлттық салт-дәстүрлерімізді насихаттау және жас ұрпақтың бойында елге, жерге деген құрмет сезімін қалыптастыру. Іс-шара барысында ауылдың қадір-қасиеті, туған жердің адам өміріндегі орны …
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Шамалған ауылында кезекті сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілікке ауылымыздың колледждері, Қарасай аудандық Мансап орталығы және әкімдік қызметкерлері белсене қатысып, ауыл аумағының тазалығына өз үлестерін қосты.
Алматы облысы, Қарасай ауданы, В.Г.Белинский атындағы орта мектеп-гимназиясының оқушылары жалпыұлттық «Кітап оқитын ұлт» жобасын зор ықыласпен қолдайды! Кітап — тек білім қайнары ғана емес, ол — қиялға қанат бітіріп, ой-өрісті кеңейтетін, рухани байытатын ғажайып әлем. Біздің мектеп оқушылары күн сайын жаңа әдебиеттерді ашып, білімге деген құштарлықтарын арттыруда. Кітап оқу арқылы біз: Ойлау қабілетіміз бен сөздік …
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Даналық мектебінің жоспарына сәйкес Қаскелең қаласындағы «Асыл ана» әжелер құрамасы мен мектеп оқушылары арасында «Дәстүрім – діңгегім, ұрпағым – тірегім» атты концерттік сайыс ұйымдастырылды. Сайыстың негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын жас ұрпақтың бойына сіңіру, аға буын мен жас ұрпақ арасындағы сабақтастықты нығайту және …
Қарасай ауданында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында және «Таза өлке» акциясы шеңберінде тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шараға Қарасай ауданының «Жасыл ел» еңбек жасақтары қатысып, туған өлкенің қоқыстан тазарту және қоршаған ортаның тазалығын сақтау бағытында жұмыстар атқарды. Тазалық жұмыстары барысында белсенді жастар туған жердің көркеюіне үлес қосып, тарихи-мәдени мұраларды құрметтеу мен оларды келер ұрпаққа аманат ету жолындағы …










