Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін маңызды бастамалардың бірі ретінде «Халықтық құрылыс» бағдарламасына ерекше назар аударылды.
Аталған бағдарлама – азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, кәсіпкерлікті қолдауға және ұлттық экономиканы жаңғыртуға бағытталған стратегиялық маңызы зор бастама. Оның негізгі мақсаты – елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту, халыққа қажетті әлеуметтік нысандарды салу және құрылыс саласындағы отандық кәсіпкерліктің әлеуетін арттыру.
Бағдарламаның жүзеге асуы жаңа жұмыс орындарының ашылуына, шағын және орта бизнестің дамуына, сондай-ақ құрылыс саласындағы отандық өндірістің жандануына оң ықпал етеді. Сонымен қатар тұрғындар үшін қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастырып, өңірлер арасындағы даму теңгерімін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

