Тарих

Аудандық газеттің тарихы 1933 жылғы қыркүйектен басталады. Өкінішке орай алғашқы сандары сақталмаған. Алматы облыстық партия архивінде ғана нақты мәліметтер табуға болады.
Алғашқы аты «В бой за социализм» деп аталды. 1935 жылы өз алдына шыққан соң «Социалды майдан» атауына ие болды. 1939 жылы оның атауы «Социалистік майдан» деп өзгертілді.
1955 жылғы қыркүйекте «Социалистік еңбек», «Социалистический труд»,

1958 жылғы 1 қаңтардан «Коммунизм үшін», «За коммунизм» деп аталды.
(Бұл ол жылы таратылған «Алматы» ауданы газетінің аты болатын. Ауданның елді мекендері де Талғар мен бізге берілген).
1952 жылғы мамыр айында «Ленин туы», «Ленинское знамя» болып өзгерді. Ол Жамбыл, Қаскелең, Балқаш аудандарына арналған ауданаралық газет болды.
1963 жылғы 1-мамырда ол газет жабылды да аудандарда өз газеттері қайта шыға бастады.
Қаскелең ауданында тек орысшасы «Ленинское знамя» қалды.
1993 жылғы қаңтардан бері «Заман жаршысы» деген атпен шығып келеді.

  • Бірінші редактор Исыксон – 1933 жылдан.
  • Ж.Сасықбаев – 1935-1936 жылдар,
  • С.Ашықұлы – 1939 жылға дейін,
  • Мағзұм Әбдірахманов – 1939-1945 жылдар,
  • Молдабек Саламатов – 1945 жылдың шілдесінен 1947 жылдың сәуір айына дейін,
  • Әбдібек Әлиев – 1947-1955 жылдар,
  • Көптілеу Ержанов – 1955-1957 жылдар,
  • Үсенбай Тастанбеков – 1957-1962 жылдар,
  • Әукен Жайлаубеков – 1962-1963 жылдар,
  • Иван Михаилович Тарнов – 1963-1971 жылдар,
  • Василий Иванович  Данилюк 1971-1977 жылдар,
  • Дмитрий Александрович  Зенков – 1977-1989 жылдар,
  • Сергей Тимофеевич  Волков – 1989-1993 жылдар,
  • Шекербек Садықанұлы – 1993-2002 жылдар,
  • Өтесін Құбиев – 2002-2014 жылдар,
  • 2014 жылдың қазанынан бері газетті Атлана Исаева  басқарып келеді. Оның лауазымы директор-бас редактор.
  • 2015 жылдың 23 қазанынан бастап  оның жетекшілігімен біраз жылдар бойы квазимемлекеттік секторға тиесілі болып келген,  «Заман жаршысы газеті» ЖШС ретінде құрылды.
  • 2021 жылдың 26 ​​тамызында басылым сатып алынып, жекеменшікке өтті.
  • 2021 жылдың 2 желтоқсанында «Заман жаршысы газеті» ЖШС атауы «Атлант Медиа» ЖШС болып өзгертілді.
  • Газеттің өзі 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Naqty» деп аталды.
  • 2016 жылдың 23 желтоқсанынан бастап karasayinfo.kz желілік порталы газетпен қатар дамып келеді, оның да атауы 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап naqty.kz болып өзгертілді.