Бүгін Қарасай ауданы әкімінің қатысуымен «Жасыл ел» еңбек жасақшыларының қатысуымен Жасыл Аймақ тақырыбында Жастар аллеясында ағаш отырғызу жұмыстары ұйымдастырылды. Игі бастама ауданның жасыл желегін көбейтуге, қоршаған ортаны қорғауға және жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. Жастардың табиғатты қорғауға қосқан үлесі – жарқын болашаққа жасалған қадам!
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Қарасай ауданының әкімі Естенов Жасұлан Тоққожаұлының қатысуымен Әйтей ауылдық округі, Өмірзақ ықшам ауданының саябағында аудандық сенбілік өтті. Сенбілікке Әйтей ауылдық округінің әкімі Қатубаев Жарқын Қанатұлы, мекеме басшылары мен қызметкерлері қатысты. Өмірзақ орта мектебінің ұжымы да тазалық шарасына атсалысып, саябақ аумағын тазалауға өз үлесін қосты. Туған жердің тазалығы – баршамызға ортақ …
Қарасай ауданының Қаскелең қаласында Жасыл Ел еңбек жасақшыларымен бірлесе «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында Жасыл Аймақ атты тазалық жұмыстары жүргізілді. 🌿 Іс-шара барысында Қаскелең қаласының тұрғындар мен белсенді жастар бірлесе отырып, қала аумағындағы орталық көшелерінде қоқыстан тазарту, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын атқарды. Шараның басты мақсаты — қоршаған ортаны қорғау, туған өлкенің тазалығын сақтау және тұрғындар …
Қарасай ауданы, Ұмтыл ауылдық округіне қарасты Алмалыбақ ауылындағы Дінмұхамед Қонаев атындағы саябақта «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілік барысында саябақ аумағында санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Туған жеріміздің тазалығы мен көркеюіне үлес қосып, сенбілікке белсене атсалысқан барша тұрғындарға, мекеме қызметкерлері мен кәсіпкерлерге шынайы алғысымызды білдіреміз!
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Қарасай ауданы мен Қаскелең қаласы әкімдіктерімен және SDU UNIVERSITY Студенттік Омбудсмені және университет белсенділерімен бірге бірлесіп тазалық жұмыстарын жүргіздік. Тазалық — туған жерге деген құрметтің көрінісі. Әрқайсымыз өз ортамыздың тазалығына жауапкершілікпен қарасақ, еліміздің көркеюіне үлес қосамыз. Алайда тазалық дегеніміз — тек көшелерді қоқыстан тазарту ғана емес. Ол — адамның ішкі мәдениеті, …
«Əділет» партиясының жастар қанаты ауқымды «Таза Qazaqstan» Roadэстафетасын бастады. Оның аясында 5 мыңға жуық жас азамат 13-16 қазан аралығында «Астана – Өскемен» бағытындағы автожол бойында жалпы ұзындығы 1800 шақырымға жуық аумақты қоқыстан тазалайды. Іргелі іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында қолға алынуда. Бұл – аса маңызды …
Ауылымыздың көркіне көрік қосу және қоршаған ортаны таза ұстау мақсатында Шамалған ауылдық округінде ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді. Шараға белсене қатысып, ауыл тазалығына өз үлесін қосқан барша тұрғындар мен жастарға алғыс білдіреміз!
Қоршаған ортаны қорғау мен туған өлкемізді көркейту — бәрімізге ортақ міндет. Бүгін ауданымыздың белсенді тұрғындары мен жастары тазалық акциясына біркісідей қатысып, айналаны ретке келтіруге өз үлестерін қосты.
Елімізде кеңінен өтіп жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Жібек жолы ауылдық округінде санитарлық тазалық, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Бұл бастама — жай ғана біркүндік акция емес, бұл — туған өлкемізге, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік пен жауапкершіліктің көрінісі. Шара аясында ауыл ішіндегі орталық көшелер, саябақтар мен гүлзарлар, қоғамдық орындар және арық …
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында округімізде жалпыұлттық акцияға орай сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілік барысында аумақты тазарту, қоршаған ортаны абаттандыру және тазалықты сақтау бағытында жұмыстар жүргізілді. Туған жеріміздің тазалығы — баршамызға ортақ міндет! Табиғатты аялау, қоршаған ортаны таза ұстау және келер ұрпаққа көркейген өлке қалдыру — әрқайсымыздың азаматтық борышымыз










