«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Жасыл ел» еңбек жасақтарының қатысуымен Қарасай ауданында “Таза Қала – Таза Болашақ” акциясы өткізіліп, Қаскелең қаласының Тұрғын үй аулаларына тазалық жұмыстары жүргізілді. Акцияның мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және туған өлкені абаттандыруға үлес қосу.
Қарасай ауданында аудан әкімінің қатысуымен Жібек жолы ауылдық округінде Дүниежүзілік тазалық күніне орай «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық жұмыстарына «Жасыл ел» еңбек жасақтары, аудан, ауыл жастары белсене қатысты. Сенбілік барысында ауыл аумағы тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, қоршаған ортаны көгалдандыру мақсатында 200-ге жуық ағаш отырғызылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның …
Алматы облысында Дүниежүзілік тазалық күніне орай ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Экологиялық шараға өңірдің 40 мыңнан астам тұрғыны, еріктілер мен жастар қатысты. Сенбілік барысында саябақтар, аулалар мен қоғамдық аумақтар қоқыстан тазартылды. Қонаев қаласында 200 түп алма ағашының көшеті отырғызылды. Іс-шараға қатысқан Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов тазалық сақтау әр азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтіп, тұрғындарды «Таза …
Ұмтыл ауылдық округі аумағында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Таза бейсенбі» санитарлық-тазалық шарасы ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, ауыл аумағын абаттандыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру. «Таза бейсенбі» акциясы алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады. Ауыл тазалығы – баршаға ортақ міндет. Қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, тазалық жұмыстарын қолдауға шақырамыз.
Қарасай ауданы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жастары Қаскелең қаласы, Жастар алеясына тазалық жұмыстарын жүргізді. 🌿 Іс-шара барысында жастар шашылған қоқыстарды жинап, аумақты арам шөптерден тазартты. Сонымен қатар, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға және қала аумағын абаттандыруға өз үлестерін қосты. Аталған жұмыстар жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатты қорғауға деген жауапкершілікті арттыруға және …
Әйтей ауылдық округінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Таза Бейсенбі» сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Сенбілікке Әйтей ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары, «Әділет» партиясының мүшелері және округ ардагерлері белсене қатысты. Іс-шара барысында ауыл аумағын абаттандыру, тазалық жұмыстарын жүргізу және қоршаған ортаны көркейту бағытында жұмыстар атқарылды. Тазалық – ортақ міндет! Туған жерімізді таза әрі көрікті ұстау – баршамызға ортақ …
Қарасай ауданы Жастар ресурстық орталығы «Таза Қазақстан – таза болашақ» акциясы аясында «Жасыл ел» еңбек жасақтарымен бірлесе отырып, Қаскелең қаласының саябақ аумақтарында тазалық жұмыстарын жүргізді. 🌿 Іс-шара барысында жастар саябақ аумақтарын қоқыстан тазартып, абаттандыру және көркейту жұмыстарына белсенді атсалысты. Қоршаған ортаның тазалығын сақтау – әр азаматтың ортақ міндеті екенін насихаттай отырып, жастарды табиғатты аялауға және …
Тазалық – қоршаған ортаға деген құрметтен басталады. Табиғатты аялау, көшелерді таза ұстау, қоқысты арнайы орындарға тастау – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі. Таза орта – жай ғана әдемілік емес, ол – денсаулық, жайлы өмір және келер ұрпаққа қалдыратын аманат. Өз ауламыздан, өз көшемізден бастап тазалыққа үлес қосайық. 🌱 Табиғатты қорғайық! ♻️ Қоқысты сұрыптап, қоршаған ортаны таза …
Тазалық – қоршаған ортаға деген құрметтен басталады. Табиғатты аялау, көшелерді таза ұстау, қоқысты арнайы орындарға тастау – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі. Таза орта – жай ғана әдемілік емес, ол – денсаулық, жайлы өмір және келер ұрпаққа қалдыратын аманат. Өз ауламыздан, өз көшемізден бастап тазалыққа үлес қосайық. 🌱 Табиғатты қорғайық! ♻️ Қоқысты сұрыптап, қоршаған ортаны таза …
Банкке орналастырылған төмен байытылған уран Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікке тиесілі «Уран банкі» тіркесі ерекше болып көрінуі мүмкін, тіпті сақ болуға мәжбүр етеді. Алайда, әңгіме ядролық отын өндірісі немесе радиоактивті қалдықтарды сақтау туралы болып отырған жоқ. Өскемендегі Үлбі металлургиялық зауытының аумағында ерекше жағдайларда, атом электр станциялары үшін отын жеткізудің сенімділігін қамтамасыз ету үшін құрылған ядролық …










