Бүгінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналып келеді. Цифрландыру мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттырып, уақытты үнемдеуге және халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Жасанды интеллект пен инновациялық шешімдерді дамыту – экономиканың өсуіне, еңбек өнімділігінің артуына және жаңа мүмкіндіктердің қалыптасуына жол ашады. Цифрлық сауаттылықты арттыру және заманауи технологияларды тиімді пайдалану – болашаққа …
Бүгін Қарасай ауданы әкімінің қатысуымен «Жасыл ел» еңбек жасақшыларының қатысуымен Жасыл Аймақ тақырыбында Жастар аллеясында ағаш отырғызу жұмыстары ұйымдастырылды. Игі бастама ауданның жасыл желегін көбейтуге, қоршаған ортаны қорғауға және жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. Жастардың табиғатты қорғауға қосқан үлесі – жарқын болашаққа жасалған қадам!
Құрметті Қарасай ауданының тұрғындары мен қонақтары! Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік – баршамызға ортақ міндет! Қазіргі уақытта облыс аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың жолын кесіп, іздеуде жүрген адамдарды анықтау және жол қозғалысы ережелерінің сақталуын …
Қарасай ауданында тұрғындарға қолайлы жағдай жасау және жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерін кеңінен насихаттау мақсатында «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өз өнімдерін тұрғындарға тікелей ұсынып, азық-түлік тауарларын қолжетімді бағамен сатты. Сауда сөрелерінен ет және сүт өнімдерін, көкөністер мен жеміс-жидектерді және басқа да күнделікті тұтынуға қажетті азық-түлік түрлерін табуға болады.
Қарасай ауданы, Шамалған ауылдық округі аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында әкімшілік ғимаратының аумағы абаттандырылып, айналадағы қоқыстар жиналып, тазалық жұмыстары жүргізілді. Акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, туған жерге деген жауапкершілікті арттыру және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті дамыту – қоғамның жаңа мүмкіндіктерге қадам басуы. Цифрландыру – тиімділік пен қолжетімділікке жол. Жасанды интеллект – инновация мен дамудың жаңа бағыты. Заманауи технологияларды тиімді пайдалану арқылы қызмет көрсету сапасын арттырып, уақытты үнемдеп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашамыз. Цифрлық даму – жарқын болашақтың негізі!
Іргелі ауылдық округінің әкімдігі салықтық тәртіпті нығайту және салық төлемдерінің бюджетке уақтылы түсуін қамтамасыз ету бағытында жұмыс жүргізуде. Қарасай ауданының полиция қызметкерлерімен бірлесіп өткізілген рейдтік іс-шара барысында көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешектің бар-жоғы тексеріліп, автокөлік иелеріне салықтарды уақтылы төлеу қажеттілігі түсіндірілді.
Достық — сыйластықтан, ал сыйластық — бір-бірімізді түсінуден басталады! Мектебімізде буллингтің алдын алу, оқушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, өзара құрмет пен мейірімділік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында профилактикалық бейнеролик түсірілді. Әрбір бала құрметке лайық! Біреуді кемсітуге, мазақ етуге немесе шеттетуге жол бермейік. Бір-бірімізге қолдау көрсетіп, қиын сәтте жанымыздан табылып, мейірімділік пен достықты бірге қалыптастырайық! Біз буллингке қарсымыз! …
25 қазан – Республика күніне орай Жамбыл ауылдық округінде ауыл тұрғындары арасында волейбол, футбол және баскетбол спорт түрлерінен ашық біріншілік болып өтті. Спорттық іс-шараның басты мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және ауыл тұрғындары арасында спортқа деген қызығушылықты арттыру.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Қарасай ауданының әкімі Естенов Жасұлан Тоққожаұлының қатысуымен Әйтей ауылдық округі, Өмірзақ ықшам ауданының саябағында аудандық сенбілік өтті. Сенбілікке Әйтей ауылдық округінің әкімі Қатубаев Жарқын Қанатұлы, мекеме басшылары мен қызметкерлері қатысты. Өмірзақ орта мектебінің ұжымы да тазалық шарасына атсалысып, саябақ аумағын тазалауға өз үлесін қосты. Туған жердің тазалығы – баршамызға ортақ …










