Қарасай ауданының прокуратурасы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Жылдамдықты азайт» профилактикалық акциясын өткізуде. Акция барысында жүргізушілердің белгіленген жылдамдық режимін және жол жүрісі қағидаларын сақтауына, сондай-ақ көлік құралын масаң күйде басқаруға жол бермеуге ерекше назар аударылады. Белгіленген жылдамдық режимін бұзу жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерінің бірі …
«Қаскелең: ғимараттар тарихы». Дәл осылай аталатын жаңа жобамыз арқылы алдағы уақытта қаламыздың мәдени нысандары, әкімшілік ғимараттары, сәулет ескерткіштері, соңдай-ақ тарихи тұлғалар мен маңызды оқиғалармен байланысты орындар түралы қызықты деректерді баяндаймыз. Сонымен, жақын арада жарық көретін алғашқы шығарылымды жіберіп алмаңыздар!
Ұмтыл ауылдық округі аумағында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Таза бейсенбі» санитарлық-тазалық шарасы ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, ауыл аумағын абаттандыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру. «Таза бейсенбі» акциясы алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады. Ауыл тазалығы – баршаға ортақ міндет. Қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, тазалық жұмыстарын қолдауға шақырамыз.
Қарасай ауданы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жастары Қаскелең қаласы, Жастар алеясына тазалық жұмыстарын жүргізді. 🌿 Іс-шара барысында жастар шашылған қоқыстарды жинап, аумақты арам шөптерден тазартты. Сонымен қатар, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға және қала аумағын абаттандыруға өз үлестерін қосты. Аталған жұмыстар жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатты қорғауға деген жауапкершілікті арттыруға және …
Қарасай ауданының ювеналды полиция басқармасының ұйымдастыруымен және Жастар орталығының қатысуымен Жедел профилактикалық түнгі рейд жұмыстарын жүргізді. Рейд барысында Қарасай ауданы Жібек жолы ауылдық округі аумағындағы компьютерлік клубтарға, ойын сауық кешендеріне тексеру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілдерінің немесе ата-аналарының қарауынсыз жүру жағдайлары бақылауға алынды. Рейд нәтижесінде сағат 22:00-ден кейін ата-анасының …
Әйтей ауылдық округінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Таза Бейсенбі» сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Сенбілікке Әйтей ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары, «Әділет» партиясының мүшелері және округ ардагерлері белсене қатысты. Іс-шара барысында ауыл аумағын абаттандыру, тазалық жұмыстарын жүргізу және қоршаған ортаны көркейту бағытында жұмыстар атқарылды. Тазалық – ортақ міндет! Туған жерімізді таза әрі көрікті ұстау – баршамызға ортақ …
Отбасы – тек бір шаңырақтың астында өмір сүру емес. Отбасы – өзара сыйластық, қамқорлық, ізгілік және үлкеннен кішіге берілетін құндылықтардан басталады. Қарасай ауданының «Көкөзек ауылындағы жайлы мектеп» » КММ-де қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері мен отбасылық тәрбиесін дәріптеуге арналған «Салтпен сырласқан сырлы ғұмыр» атты тәрбиелік іс-шара өтті. Іс-шара барысында халқымыздың дәстүрлі «Беташар» рәсімі көрсетіліп, оның тәрбиелік …
Күн тәртібінде аудан тұрғындарының қауіпсіздігіне тікелей қатысты бірқатар мәселе қаралды. Атап айтқанда, құқықбұзушылыққа бейім азаматтармен жұмыс, жазасын өтеп шыққан азаматтарды қайта әлеуметтендіру, жол қауіпсіздігі және қоғамдық көлік мәселелері сөз болды. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың түнгі уақыттағы қауіпсіздігін күшейту, заңсыз алкоголь саудасының жолын кесу және қауіпті учаскелерге бейнебақылау орнату бойынша ұсыныстар қарастырылды.
Жылда дәстүрлі түрде елімізде жаңа оқу жылының қарсаңында әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына қолдау көрсететуге бағытталған «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы бастау алатыны белгілі. Бұл игі бастама ағымдағы жылы да «Балаларға бірге көмек берейік!» деген ұранмен өз жалғасын табуда. Оның аясында Қарасай ауданында көптеген ауқымды шаралар ұйымдастырылып, жақсы жұмыстар жүзеге асырылып жатыр. Сондай шаралардың бірі …
Қазір біздің қоғамда балалардың ой-қиялына қанат бітіретін, білімге деген талпынысына жол ашатын, болашаққа сенімді қадам жасауына ықпал ететін ұйымдардың қажеті қатты білінеді. Әсіресе, сөйлеу тұрғысында тілін дамытып, жан-жақты өсуіне және айналасын тануына қолдау көрсетудің маңызы зор. Баланың болашағы үшін жұмыс істейтін мұндай мекемелердің біразы Қарасай жерінде де орналасқан. Әрбірінің өз мақсаты, межелі міндеті, жеткен жетістігі …










