Қарасай ауданы жастар ресурстық орталығы Мансап орталығымен бірлесе ұйымдастыруымен мемлекеттік «JOL TAP» жобасы аясында Жібек жолы ауылдық округінде орналасқан «Алтын Таға» өндірістік кешеніне жастар үшін танымдық экскурсия өткізілді.
Кездесу барысында жастар заманауи өндіріс үдерісімен танысып, кәсіпорынның жұмыс бағыттары, өндірістік мүмкіндіктері, жаңа технологиялары мен еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат алды.
Қызықты дерек: «Алтын Таға» өндірістік кешені шамамен 64 гектар аумақты алып жатыр. Кешенде темірбетон бұйымдары, металл конструкциялары және сэндвич-панельдер өндіріледі. Өндіріс толық қуатына шыққан кезде 1 200 адамға дейін жұмыспен қамту жоспарланған.
Сонымен қатар кәсіпорында жаңа технологияларды енгізу және өндіріс бағыттарын кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, 200 тоннаға дейін жүк көтеретін ауыр тіркемелер өндірісін іске қосу жобасы қолға алынған.

