Қарасай аудандық кітапханасы мен ауданға қарасты барлық ауылдық және қалалық кітапханалар бір мезетте, бір мақсатта «Бірге оқиық!» атты әдеби акцияға қатысты.
Рухани шараның басты мақсаты – кітап оқуды насихаттау, оқырмандардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және кітап оқу мәдениетін қалыптастыру.
Акция барысында қатысушылар өздері оқыған шығармалары туралы ой бөлісіп, кітаптың адам өміріндегі маңызы жөнінде пікірлерін білдірді. Шара соңында әр қатысушы акциядан алған әсерімен бөлісіп, өз ой-толғаныстарын ортаға салды.

