«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қарасай ауданы әкімінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес, Іргелі ауылдық округіне қарасты Көксай ауылында орналасқан заңсыз қоқыс төгу орнына қатысты нақты шаралар қабылданды.
Атап айтқанда, ағымдағы жылдың тамыз айында аталған заңсыз қоқыс төгу орны жабылып, ауыр жүк көліктері мен арнайы техникалардың аумаққа кіруіне жол бермеу мақсатында шлагбаум орнатылды. Сонымен қатар, аумаққа қоқыстың қайта төгілуін болдырмау үшін күзет қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылды.
Бұдан бөлек, Іргелі ауылдық округі әкімдігі жергілікті учаскелік полиция инспекторларымен және табиғатты қорғау инспекторларымен бірлесіп, аталған аумақта тұрақты түрде профилактикалық және рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

