«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Іргелі ауылдық округі әкімдігі, аудандық полиция басқармасы және Іргелі Жастар ресурстық орталығының қатысуымен рейдтік іс-шара өткізілді. Рейд барысында түнгі уақытта ата-анасының қарауынсыз жүрген кәмелетке толмаған жасөспірімдер анықталды.
Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау.

