Мемлекеттік қызмет – жоғары жауапкершілікті талап ететін сала. Әрбір шешім мен көрсетілген қызмет азаматтардың мемлекетке деген сеніміне ықпал етеді. Сондықтан мемлекеттік қызметші үшін кәсіби біліктілікпен қатар, әдеп нормаларын сақтау да маңызды. Әдеп кодексі азаматтардың құқықтарын құрметтеуді, заң талаптарын сақтауды, әділ шешім қабылдауды және қызметтік өкілеттікті жеке мақсатқа пайдаланбауды көздейді. Мемлекеттік органның жұмысына берілетін баға көбіне …
Ағымдағы жылдың 24-26 қыркүйек күндері Қарасай ауданындағы «Үшқоңыр» және «Нұр-Аман» спорт кешендерінде спорттың бірнеше түрінен «ALATAU LIGASY–2026» облыстық жарысының II кезеңі (Оңтүстік аймақ) өтті. Аталған жарысқа облыс өңірлерінен 20 команда және 240-қа жуық спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер төмендегідей анықталды.
Қарасай ауданы, Қаскелең қаласында «Әділет» партиясының белсенділері мен «Әділет» партиясының жастары, полиция қызметкерлері және парыз еріктілерімен бірлесіп, рейдтік іс-шара өткізді. Іс-шараның басты мақсаты — жастар арасында заң мен тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жасөспірімдерге құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Рейд барысында қоғамдық орындардағы тәртіпке назар аударылып, жастарға заң …
Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Қарасай аудандық филиалында В2-8 ортадан жоғары деңгейдегі топ тыңдаушыларымен сабақ барысында Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына арналған танымдық іс-шара өткізілді. Сабақтың негізгі мақсаты – ұлы ағартушы, ұстаз, жазушы әрі этнограф Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын дәріптеу, оның қазақ даласына білімнің шырағын жаққан тарихи тұлға ретіндегі еңбегін таныту және шығармашылық мұрасын …
Қоршаған ортаның тазалығын сақтау және елді мекеннің көрікті келбетін қалыптастыру мақсатында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шара барысында аумақтар қоқыстан тазартылып, абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Туған жеріміздің тазалығы – баршамызға ортақ міндет. Әрбір азамат өз ауласы мен айналасын таза ұстауға үлес қосса, қоршаған ортамыз да көркейе түседі.
Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті дамыту – қоғамның жаңа мүмкіндіктерге қадам басуы. Цифрландыру – тиімділік пен қолжетімділікке жол. Жасанды интеллект – инновация мен дамудың жаңа бағыты. Заманауи технологияларды тиімді пайдалану арқылы қызмет көрсету сапасын арттырып, уақытты үнемдеп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашамыз. Цифрлық даму – жарқын болашақтың негізі!
Қарттар күніне орай Үшқоңыр су шаруашылығы колледжінің ұжымы саналы ғұмырын білім мен тәрбие саласына арнап, талай жылдар бойы шәкірт тәрбиелеген ардагер ұстаздарға ерекше құрмет көрсетті. Колледж ұжымы ардагер ұстаздардың шаңырақтарына арнайы барып, мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін білдіріп, сый-сияпат табыстады. Бұл – ел ертеңін тәрбиелеуге өлшеусіз үлес қосқан ардақты жандарға деген шынайы ризашылық пен құрметтің белгісі. …
Бүгінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналып келеді. Цифрландыру мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттырып, білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және экономика салаларының дамуына жаңа мүмкіндіктер ашуда. Жасанды интеллектіні дамыту – инновациялық технологияларды енгізудің, еңбек өнімділігін арттырудың және еліміздің цифрлық әлеуетін нығайтудың маңызды бағыты.
Қарасай ауданы, Қаскелең қаласында «Әділет» партиясының белсенділері мен жастары, полиция қызметкерлері және парыз еріктілерімен бірлесіп, рейдтік іс-шара өткізді. Іс-шараның басты мақсаты — жастар арасында заң мен тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жасөспірімдерге құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Рейд барысында қоғамдық орындардағы тәртіпке назар аударылып, жастарға заң талаптарын сақтау, …
«Сақтан» жобасы аясында Қарасай ауданының ювеналды полиция қызметкерлері, Жастар ресурстық орталығы және «Парыз» еріктілері бірлесіп, кезекті түнгі рейдтік жұмыстары жүргізілді. Рейд барысында түнгі компьютерлік клубтар, мейрамханалар, барлар және аула аумақтары тексерілді. Сонымен қатар, түнгі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілдерінің қарауынсыз жүрген кәмелетке толмаған жасөспірімдер анықталып, олардың ата-аналарына қатысты хаттамалар толтырылып, тиісті ескерту берілді.










