Алматы облыстық орталық әмбебап кітапханасында «Зерделі ұлт: Алматы облысының кітапханалары мен әдеби кеңістігін дамытудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Аталған маңызды басқосуға Қарасай аудандық кітапханасының директоры мен кітапхана қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында кітапхана саласын дамытудың жаңа бағыттары, оқырман мәдениетін қалыптастыру, ұлттық әдеби мұраны цифрландыру, жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану және 2027–2031 жылдарға арналған «Зерделі ұлт» тұжырымдамасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

