Қарасай ауданында аудан әкімінің орынбасары Азамат Серікұлының қатысуымен «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасын іске асыру мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті.
Жиын барысында жобаны жүзеге асыру барысы талқыланып, алдағы міндеттер айқындалды. Сонымен қатар, тиісті бөлімдерге нақты тапсырмалар беріліп, жобаны тиімді іске асыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізу міндеттелді.
Басты мақсат – аудан тұрғындары арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, оқырмандар санын арттыру және кітап оқуды қоғамның ортақ құндылығына айналдыру.

