Қарасай ауданында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында және «Таза өлке» акциясы шеңберінде тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Іс-шараға Қарасай ауданының «Жасыл ел» еңбек жасақтары қатысып, туған өлкенің қоқыстан тазарту және қоршаған ортаның тазалығын сақтау бағытында жұмыстар атқарды.
Тазалық жұмыстары барысында белсенді жастар туған жердің көркеюіне үлес қосып, тарихи-мәдени мұраларды құрметтеу мен оларды келер ұрпаққа аманат ету жолындағы азаматтық жауапкершіліктерін көрсетті.

