Шамалған ауылдық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен осы аптада ел Тәуелсіз-дігінің 30 жылдығы аясында «Тәуелсіздік жырлары» атты жасөспірімдер арасында жыр мүшайрасы өткізілді. Әдеби байқауға 10-14 жастағы оқушылар қатысып, олардың шығармалары екі кезең бойынша сарапқа салынды. Жас ақындар алдымен «Тәуелсідікке арнауын» оқыса, одан кейін «Еркін тақырыпта» шығармаларын ұсынды. Ал, жасөспірімдердің өнерлерін Қарасай аудандық Мәдениет үйінің әдіскері, «Жастар» театрының …
Қазақтың қобызын жанына серік етіп, ұлттық аспапты ұрпаққа үйрету жолында аянбай тер төккен қобызшылардың қатарында Роза Құспанованың есімі ерекше аталып жүреді. Әйгілі композитор Ахмет Жұбановтың шәкірті атанған Роза апамыз осы аптада Қаскелең қалалық Мәдениет колледжінде құрметті қонақ ретінде шақырылып, білім ошағының тәлімгерлерімен және жас өнерпаздармен кездесті. Сонымен қатар, бұл кешке ҚР Мәдениет және спорт министрі …
Ежелден келе жатқан қасиетті де қастерлі бір кәсіп болса, ол – қолөнер. Осы бір өнердің шебері атанып, бүгінде оны насихаттап, дамуына үлкен үлес қосып жүргендердің бірі – «Балатай» қоғамдық бірлестігінің басшысы Күлән Жаңғұтты. Он саусағынан өнер тамған шебер өзінің керемет жұмыстары арқылы көпшілікке жақсы таныс. Оның қолынан шыққан бұйымдар республикалық және халықаралық көрмелерде көрсетіліп, көптеген …
Секен Тұрысбеков – қазақ музыкасы қоржынына талай тамаша туындылар қосып, талай шәкіртті тәрбиелеген Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі. Көптің көңілінен шыққан, жүректің қылында ойнайтын «Көңіл толқыны», «Ақ жауын» сынды күйлердың авторы, күйші, композитор Секен Кәрімұлы бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде шығармашылық кешін ұйымдастырып, көпшіліктің ықыласына бөленуде. Керемет кеш кезегі біздің ауданға да жетті. Нақты айтқанда, өткен аптаның …
Осы аптаның сәрсенбісі күні, Елбасы – Тұңғыш Президент атындағы мекемелермен әріптестік қарым-қатынасты нығайту мақсатында, Шамалған ауылдық округінде орналасқан «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы «Кемеңгер көшбасшы» атты кездесу кешін өткізді. Аудан әкімінің орынбасары Дулат Сансызбаевтың қатысуымен өткен жиында аудандық мәдениет бөлімінің басшысы, Н.Назарбаев атындағы мекемелердің өкілдері, «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы төрағасының орынбасары және де оқушылар бас қосып, …
Аудандық Мәдениет үйінің сахнасында «Жастар» театры жазушы-драматург Жабал Ерғалиевтің «Жан шырылы» драмасын қарасайлық көрермендер назарына ұсынды. Қойылымдағы рөлдерді аудан бойынша алғаш жас өнерпаздардан құралған «Жастар» театрының актерлері сомдады. Бүгінгі күні өзекті проблемаға айналған тақырып қасиетті сахна төрінде өнер тілімен өрілді. Жалпы халыққа ұғынықты, әсерлі тілмен «Жан шырылы» – ел ішіне дендеп еніп келе жатқан радикалды …
Сыбайлас жемқорлық – қай саланың болсын өсіп-өркендеуіне тосқауыл болатын бөгеттердің бірі. Қоғам арасында қауіпті кеселге айналған бұл зиянды үрдісті жою үшін өскелең ұрпаққа дұрыс тәрбие беріп, адалдық, ізеттілік, имандылық сияқты жақсы қасиеттерді бойларына сіңіре білуіміз керек. Жастарға осындай жолды үйретуді мақсат етіп, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қарасай ауданының Мәдениет үйі мен Жастар ресурстық орталығы …
Осы аптаның сәрсенбісі күні аудандық Мәдениет үйінде, Қазақстан Республикасының 30 жылдығы аясында, «Менің ауылым, менің Отаным» атты Гүлнар Әбіштің қолөнер бұйымдары мен сурет көрмесі өтті. Жиынның алғы сөзін аудандық Мәдениет үйінің директоры Эльнұр Нұрғожаева бастап сөйлеп, ұйымдастырылған шараның мән-маңыз-дылығын тілге тиек етті. Одан кейін жиналғандар Гүлнәр Әбіштің кестелі картиналарын тамашалады. Жалпы, ол кісі мамандығы экономист …
Талдықорған қаласы І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен, Қазақстанның Халық артисі, композитор Дәнеш Рақышевтың 95 жылдығына арналған, «Саясында алманың» атты облыстық дәстүрлі әншілер байқауы өтті. Бұл ән додасына Қарасай аудандық Мәдениет үйінің әншісі Әділжан Аманжол да бақ сынап көрген болатын. 31 үміткердің арасында дараланып, …
«Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде «Junior Eurovision 2021» халықаралық ән байқауында Қазақстанның атынан өнер көрсетуге жолдама алу үшін жарысқан 10 орындаушының есімі белгілі болды. Олардың қатарында қаскелеңдік Әбілқайыр Жұмабай да бар. Биыл, өткен жылғы дәстүрмен, еліміздің композиторлары финалистерге арнайы 2021 жылдың 6 қарашасында «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде өтетін гала-концертте шырқалатын 10 әнді жазып береді. «Junior Eurovision» …