Әйтей ауылдық округінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, ауыл аумағын абаттандыру және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Сенбілік барысында мекеме қызметкерлері ауыл көшелерін, қоғамдық орындар мен аумақтарды тазалап, тазалық жұмыстарына белсене қатысты.

