«Игі істер марафоны» жобасы аясында «Табиғат жанашыры» номинациясы бойынша «Таза аула – таза орта» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, табиғатқа деген жанашырлықты қалыптастыру және тұрғындарды туған жерін таза ұстауға үндеу. Іс-шара барысында жастардың қатысуымен Ұлы Отан соғысының батырларына арнап орнатылған ескерткіштің айналасы тазаланып, аумақтағы қоқыстар жиналып, ағаштардың түптері ретке …
Қарасай ауданы Жастар ресурстық орталығы жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және мәдени демалысын қамтамасыз ету мақсатында «КinoGo» жобасы аясында кино кеші ұйымдастырылды. Шараға 50-ге жуық жастар мен тұрғындар қатысты. Кеш барысында қатысушыларға еркін форматта фильм тамашалауға мүмкіндік жасалып, арнайы фуршет ұйымдастырылды. Жастар өзара пікір алмасып, көтеріңкі көңіл-күйде уақыт өткізді. Аталған шара жастар мен тұрғындардың бос …
Қарасай ауданы жастар ресурстық орталығының қолдауымен Қарасай ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Іргелі ауылдық округіне қарасты «Алтын Орда» сауда базарында «Тазалық – тынысы» атты тазалықты сақтау бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында «Жасыл Ел» еңбек жасақтарының жастары сауда базары аумағында тазалық сақтауға шақыратын арнайы ақпараттық брошюралар таратып, қоршаған ортаны қорғау, қоғамдық орындардың тазалығын …
Бүгін Елтай ауылдық округінде абаттандыру және тазалықты сақтау мақсатында сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық шарасына Елтай жайлы мектебінің еріктілері, М. Бейсебаев атындағы орта мектептің жас мамандары, Елтай ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері, ауыл тұрғындары, сондай-ақ кішкентай еріктілер де белсене қатысты. Сенбілік барысында ауыл аумағы тазартылып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға бағытталған жұмыстар жүргізілді. Туған жердің көркеюіне үлес қосып, …
Жібек жолы ауылының тазалығына үлес қосқан жандарға қолдау көрсетілді. Ауылдың тазалығы мен көркеюіне күн сайын өз үлесін қосып жүрген тазалыққа жауапты адамдарға азық-түлік жағынан көмек көрсетіліп, қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Бұл игі бастамаға атсалысып, өз қолдауын көрсеткен кәсіпкерлерімізге шын жүректен алғыс айтамыз!
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Шамалған ауылында сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілік барысында ауыл аумағында тазалық жұмыстары жүргізіліп, қоғамдық орындар мен көшелер абаттандырылды. Тазалық – баршаға ортақ міндет. Туған жеріміздің көркеюіне үлес қосып, ауылымызды таза әрі көрікті ұстауға шақырамыз!
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Райымбек ауылдық округі бойынша санитарлық-тазалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында округке қарасты елді мекендерде қоғамдық орындар мен көше бойларында тазалық жұмыстары жүргізіліп, аумақтар қоқыстан тазартылды. Ауылдық округ аумағын абаттандыру және санитарлық тазалығын қамтамасыз ету бағытында тиісті жұмыстар атқарылды.
«Бір экспонат сыры» айдарында — ел тарихында ерекше орын алатын «Қазақ елі» монументі. Тәуелсіздік тарихын айшықтайтын «Қазақ елі» кешені — ел рухы мен ұлттық бірліктің символы. Қазақстанның символына айналған құнды жәдігерлер мен нысандардың тарихын “Атамекен” орталығы арқылы танысыңыздар!
Күздің алғашқы айы ел өміріндегі елеулі мәдени әрі интеллектуалды оқиғамен басталды. Қазақстанның әр түкпірінде кітап оқуды өмірлік әдетіне айналдырған кітапқұмар қауым үшін ауқымды да тартысты «Жылдың 10 оқырманы» атты республикалық кітап оқу марафоны жарияланды. Бұл бастама –оқырман қауымның сүйікті ісімен айналысып қана қоймай, сондай-ақ қомақты жүлдеге ие болуына бірегей мүмкіндік беретін, бұрын-соңды болмаған бірегей жоба. …
Елімізде кітапсүйер қауымға арналған «Кітап оқитын ұлт» атты ең ауқымды марафон басталды! Бұл – сүйікті ісіңізбен айналысып, қомақты жүлдеге ие болудың бірегей мүмкіндігі. Алты айға созылатын республикалық доданың қорытындысы бойынша ең үздік 10 оқырманның әрқайсысы 10 млн. теңгеден алады. Байқаудың шарттары мен қатысу жолдарын аудандық орталық кітапхана мамандары егжей-тегжейлі түсіндіріп береді.










