Қарасай ауданы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Ұстаздар күніне орай жастар саясаты бағытында бірлесе жұмыс жасап, түрлі жобаларды жүзеге асырып жүрген білім саласының жас ұстаздарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, ізгі тілектерімізді білдіре отырып, Басқарма басшысының Алғыс хаттары табысталды. Ұстаз — ұрпаққа білім мен тәрбие беріп, ел болашағын қалыптастыратын ардақты мамандық иесі. Барша ұстаздарға еңбектеріңізге толағай табыс, шығармашылық …
Қарасай ауданы ювеналды полиция басқармасы мен Жастар ресурстық орталығының бірлесуімен Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжінің жатақханасында профилактикалық тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру барысында жатақхананың санитарлық және жалпы жағдайы қаралып, онда тұратын студенттердің тұрмыс-тіршілігімен танысу жүргізілді. Сонымен қатар студенттерге құқықтық сауаттылықты арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тексеру нәтижесінде анықталған мәселелер …
Қарасай ауданының дене шынықтыру және спортты дамыту орталығы мен Қарасай аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Ұстаздар күніне орай білім беру саласының қызметкерлері арасында спорттық іс-шара өткізілді. Шараның негізгі мақсаты – ұстаздар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықты арттыру және әріптестер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту. Спорттық іс-шара барысында қатысушылар баскетболдан ерлер және әйелдер командалары арасында, …
Баланың бойынан талантын танып, қарым-қабілетіне қанат бітіретін, білімін шыңдайтын ұстаздардың еңбегі ешқандай бағамен өлшенбейді. Мұғалім деген, міне, осындай қастерлі мамандығымен елге елеулі, халыққа қадірлі. Әрине, әр пәнге жетекшілік ететін педагогтердің қай-қайсы болсын оқушының озат атану жолында білім-білігін аямайтыны анық. Десе де санаға сергектік сыйлап, алдымен оқушының денсаулығын нығайтатын дене шынықтыру пәнінен беретін мұғалімдердің еңбегін айрықша …
Елімізде дарынды, белсенді әрі талапты жастардың жаңа бастамалары мен келешегі жарқын жобаларын қолдауға бағытталған «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты гранттық жобаның кезекті кезеңі басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2021 жылы негізі қаланған бұл ауқымды бағдарлама бүгінгі таңда еліміздің түкпір-түкпіріндегі шығармашыл жастарға өз идеяларын жүзеге асыруға кең жол ашып отыр. «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасының негізгі мақсаты өнерлі, білімді …
Үлкен қалалардың қарбалас тіршілігінен қарағанда, туған жердің түтінін түтетіп, шалғайдағы немесе жақын орналасқан ауылдарды көркейтуге үлес қосқысы келетін жастардың қатары жыл санап артып келеді. Осы орайда елімізде мемлекеттік деңгейде жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқан «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы – жас мамандарға үлкен қолдау әрі сенімді серпін беретін бірегей жоба. Бүгінгі таңда бұл бағдарламаның операторы ретінде …
Қаскелең қаласындағы Мемлекеттік қазынашылық комитетінің қызметкерлеріне «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында марафонның мақсаты, қатысу тәртібі, 7 бағыты және қатысушыларға қойылатын талаптар кеңінен түсіндірілді.
«Заң және тәртіп» қағидаты аясында Қарасай ауданы Ювеналды полиция басқармасы және жастар ресурстық орталығы бірлесіп, Үшқоңыр су шаруашылығы колледжінің студенттерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында жастарға құқықтық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, студенттер тұратын жатақхананың санитарлық жағдайы, тұрмыстық ахуалы және жалпы жай-күйі тексеріліп, анықталған мәселелер …
Ә.Бұқарбайқызы атындағы қазақ орта мектебінің 9–10–11 сынып оқушыларымен мектеп инспекторының қатысуымен құқықтық бағыттағы профилактикалық кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында оқушыларға: 🔹 буллингтің алдын алу және оның зардаптары; 🔹 түнгі уақытта көшеде жүру кезіндегі қауіпсіздік ережелері; 🔹 жол қозғалысы ережелерін сақтау; 🔹 мектеп формасына қойылатын талаптар; 🔹 сабаққа уақытылы және тұрақты қатысу; 🔹 оқушылардың құқықтары мен міндеттері; …
Қарасай ауданы Жастар ресурстық орталығында «Шамшырақ» жас ұстаздар хабының 2027 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды. Жиын барысында хабтың алдағы кезеңдегі негізгі бағыттары айқындалып, жоспарланған іс-шаралар мен бастамалар сараланды. Сонымен қатар, жас ұстаздардың кәсіби дамуын қолдау, тәжірибе алмасу және олардың қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған бірқатар жобалар әзірленді. Алдағы уақытта аталған жобаларды кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарлануда.










