«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, адалдық пен әділдік құндылықтарын кеңінен насихаттау мақсатында Қаскелең қаласындағы SDU University-де студенттермен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Мұхамедияров Дархан Нұртілеуұлы сөз сөйлеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын сақтау және қоғамдағы әрбір азаматтың жауапкершілігі туралы маңызды ақпараттармен бөлісті.

