Қарасай аудандық кітапханасының Оқу залында «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Кітап оқитын ұлт – озық ұлт» атты әдеби талқылау кеші өтті.
Іс-шараға Қ.Сәтбаев атындағы орта мектептің 7 «Ә» сынып оқушылары қатысып, «Кітап оқитын мектеп» бағыты бойынша Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» әңгімесін талқылады.
Жанар Елікбаеваның жетекшілігімен өткен әдеби кеш барысында оқушылар шығарманың мазмұнына тоқталып, кейіпкерлердің іс-әрекетіне, әсіресе Құрмаштың тағдыры мен Көксерекке деген қарым-қатынасына қатысты өз ой-пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар шығарма желісі бойынша сахналық көрініс қойып, әдеби туындының мазмұнын көрерменге әсерлі жеткізді.

