Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында азаматтарды толыққанды әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз етудің маңыздылығын ерекше атап өтті.
«Азаматтарымыз толыққанды әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтылуы керек. Бұл – халықтың тұрмыс сапасын көтерудің маңызды шарты».
Сапалы білім беру, қолжетімді медицина, заманауи әлеуметтік нысандар, қауіпсіз жолдар мен тұрақты инженерлік желілер – азаматтардың жайлы өмір сүруінің негізгі шарттары.
Осы бағытта әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту, елді мекендерді дамыту және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мемлекеттік саясаттың басым міндеттерінің бірі болып қала береді.
Басты мақсат – халықтың әл-ауқатын арттыру, әрбір азаматқа сапалы әрі қолжетімді қызмет көрсету және өмір сүруге қолайлы жағдай жасау.

