Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданында өткен жылдан бастау алған «Мен оқыған 30 кітап» байқауы биыл да өз жалғасын тапты. Жуырда Қазталов аудандық екінші «Мен оқыған 30 кітап» байқауының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
Аталған байқауға Қарасай ауданынан қатысқан Қарасай аудандық Абай атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Лашынбай Алияна Дінмұханбетқызы жоғары нәтиже көрсетіп, 100 000 теңгелік сертификатқа ие болды.
Жетістікке жету жолында шәкіртіне бағыт-бағдар беріп, қолдау көрсеткен ұстазы Кесікбаева Гүлмира Ердәулетқызының еңбегін де ерекше атап өткен жөн.
Бұл – кітапқа деген сүйіспеншіліктің, ізденіс пен білімге құштарлықтың жемісі.

