Алматы қаласында өткен «Ecothon Almaty 2026» халықаралық экологиялық форум-хакатонына Қарасай ауданының жастары қатысты.
Іс-шара аясында 25 команда құрамындағы белсенді жастарға экологиялық бағытта арнайы тақырыптар ұсынылып, олар өзекті мәселелерді шешуге бағытталған жобаларын әзірледі.
Қатысушылар өз идеяларын таныстырып, жобаларды жүзеге асыру жолдары мен күтілетін нәтижелерін қорғады.
Аталған форум жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, тың идеяларын дамытуға және қоршаған ортаны қорғау бағытындағы бастамаларын жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

