Қарасай ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері SDU университетінің студенттері арасында ішкі істер органдарына қызметке қабылдау тәртібі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында студенттерге полиция қызметіне орналасу талаптары, үміткерлерге қойылатын шарттар және құқық қорғау органдарында қызмет атқару мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.
Қарасай ауданы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ауданның белсенді жастарына New York Film Academy (NYFA) оқу орнына танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында жастар кино және медиа саласындағы білім беру мүмкіндіктерімен танысып, шығармашылық мамандықтар туралы ақпарат алды. Іс-шара жастардың кәсіби бағдарын қалыптастырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашуға бағытталды. Жастарға жаңа мүмкіндіктер ашу – болашаққа жасалған маңызды қадам!
«Əділет» партиясының жастар қанаты ауқымды «Таза Qazaqstan» Roadэстафетасын бастады. Оның аясында 5 мыңға жуық жас азамат 13-16 қазан аралығында «Астана – Өскемен» бағытындағы автожол бойында жалпы ұзындығы 1800 шақырымға жуық аумақты қоқыстан тазалайды. Іргелі іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында қолға алынуда. Бұл – аса маңызды …
«Іргелі ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің ұйымдастыруымен Л.Толстой және М.Мәметова атындағы орта мектептерінің оқушыларымен «Жастар арасындағы діни сауаттылық, этносаралық келісім және нашақорлықтың алдын алу мәселелері» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуде профилактикалық топ мүшелері — «Алматы облысындағы Қарасай ауданының «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» ҚБ жанындағы ақсақалдар кеңесінің мүшесі Хайруддин Тутадзе, Қарасай аудандық ПБ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл …
Қарасай ауданы Жастар ресурстық орталығы, Полиция басқармасы және «Отбасы банк» АҚ бірлесіп, «Алатау» сауда орталығында жастарға арналған «Express» жәрмеңкесін өткізді. Іс-шара барысында 50 ге жуық жастарға жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мен бос жұмыс орындары ұсынылды.
Қарасай ауданы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Ұстаздар күніне орай жастар саясаты бағытында бірлесе жұмыс жасап, түрлі жобаларды жүзеге асырып жүрген білім саласының жас ұстаздарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, ізгі тілектерімізді білдіре отырып, Басқарма басшысының Алғыс хаттары табысталды. Ұстаз — ұрпаққа білім мен тәрбие беріп, ел болашағын қалыптастыратын ардақты мамандық иесі. Барша ұстаздарға еңбектеріңізге толағай табыс, шығармашылық …
Үшқоңыр су шаруашылығы колледжінің студенттері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында ұйымдастырылған «Таза Қазақстан — қалдықтан табыс тап!» атты 30 күндік экологиялық челленджге белсенді қатысты. Челлендж барысында студенттер қоршаған ортаның тазалығын сақтау, тұрмыстық қалдықтарды жинау және сұрыптау, қайта өңдеуге жарамды қалдықтарды тиімді пайдалану, сондай-ақ экологиялық жауапкершілікті арттыру бағытында жұмыстар жүргізді. Іс-шараның негізгі мақсаты — білім …
Қарасай ауданы, Қаскелең қаласында «Әділет» партиясының белсенділері мен «Әділет» партиясының жастары, полиция қызметкерлері және парыз еріктілерімен бірлесіп, рейдтік іс-шара өткізді. Іс-шараның басты мақсаты — жастар арасында заң мен тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жасөспірімдерге құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Рейд барысында қоғамдық орындардағы тәртіпке назар аударылып, жастарға заң …
Қарттар күніне орай Үшқоңыр су шаруашылығы колледжінің ұжымы саналы ғұмырын білім мен тәрбие саласына арнап, талай жылдар бойы шәкірт тәрбиелеген ардагер ұстаздарға ерекше құрмет көрсетті. Колледж ұжымы ардагер ұстаздардың шаңырақтарына арнайы барып, мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін білдіріп, сый-сияпат табыстады. Бұл – ел ертеңін тәрбиелеуге өлшеусіз үлес қосқан ардақты жандарға деген шынайы ризашылық пен құрметтің белгісі. …
Қарасай ауданы, Қаскелең қаласында «Әділет» партиясының белсенділері мен жастары, полиция қызметкерлері және парыз еріктілерімен бірлесіп, рейдтік іс-шара өткізді. Іс-шараның басты мақсаты — жастар арасында заң мен тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жасөспірімдерге құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Рейд барысында қоғамдық орындардағы тәртіпке назар аударылып, жастарға заң талаптарын сақтау, …










