Қарасай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Мансап орталығы мен «Отбасы банк» АҚ өкілдерінің қатысуымен «Aport Mall West» сауда орталығында жастарға арналған «Express жәрмеңкесі» ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – жастарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, бос жұмыс орындары туралы ақпарат беру, мемлекеттік бағдарламалар мен тұрғын үй мүмкіндіктерін таныстыру, сондай-ақ жастар мен жұмыс берушілер арасындағы байланысты нығайту.
Жәрмеңке аясында жастар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, жұмысқа орналасу және әлеуметтік қолдау бағыттары бойынша пайдалы ақпаратпен танысты.

