2026 жылғы 20–22 қараша аралығында Алматы облысы Полиция департаменті мен Алматы облысы Қарасай ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері бірлесіп, «Құқықтық тәртіп» профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыстылық деңгейін төмендету және жол қауіпсіздігін нығайту.
Осыған орай, полиция қызметкерлері саптық жиынға тұрғызылып, қызметтік нұсқамадан өтті. Белгіленген міндеттер мен бағыттар бойынша қызметтік аумақтарға бөлініп, қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу мақсатында қызмет атқаруға кірісті.
Бірлескен профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

