Кітап оқу – адамның дүниетанымын кеңейтетін, ой-өрісін дамытатын, рухани байлығын арттыратын маңызды құндылықтардың бірі. Кітаппен дос болған ұрпақ білімге құштар, саналы, парасатты әрі бәсекеге қабілетті болып қалыптасады.
Бүгінгі жаһандану дәуірінде мемлекеттің дамуы тек экономикалық жетістіктерімен емес, қоғамның білім деңгейімен, мәдениетімен және интеллектуалдық әлеуетімен де өлшенеді. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, жас ұрпақты әдебиетке баулу және ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу – баршамызға ортақ міндет.
Кітап оқу отбасынан басталып, білім ордаларында жалғасын тауып, қоғамның күнделікті дағдысына айналуы тиіс. Әрбір оқылған кітап – жаңа білімге, терең ойға және жарқын болашаққа бастар қадам.

