Қарасай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен және Асадбек Базарбаев Қарасай АПБ ң ҚҚБ ЮПТ инспекторы полиция капитанының қатысуымен Алтын ауыл орта мектебінің оқушыларымен вейптің зияны және оның алдын алу тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді.
Кездесудің мақсаты – жасөспірімдер арасында электрондық темекінің зияны туралы түсінік қалыптастыру, оның адам денсаулығына кері әсерін түсіндіру және зиянды әдеттердің алдын алу.
Кездесу барысында оқушыларға вейптің құрамы, оның денсаулыққа тигізетін зияны, никотинге тәуелділіктің салдары және Қазақстан Республикасындағы заңнамалық жауапкершілік туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар оқушылар өз ойларын ортаға салып, тақырып аясында пікір алмасты.
Басты мақсат – жастардың саналы таңдау жасап, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына ықпал ету!

