Бүгінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналып келеді. Цифрландыру мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттырып, білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және экономика салаларының дамуына жаңа мүмкіндіктер ашуда. Жасанды интеллектіні дамыту – инновациялық технологияларды енгізудің, еңбек өнімділігін арттырудың және еліміздің цифрлық әлеуетін нығайтудың маңызды бағыты.
Қарасай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ақылбек Бексұлтан Жібек жолы ауылдық округінің тұрғындарымен кезекті есептік кездесуін өткізді. Округте жаңа өндіріс орындарын ашу және инфрақұрылымды дамыту бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Жібек жолы ауылында «Caspian Beverage Holding» алкогольсіз сусындар зауытын салуға дайындық жүргізілсе, Тұрар ауылында «GLOBAL LOGISTIC COMPANY» ЖШС-і құс фабрикасының құрылысын жүргізуде. Сонымен қатар …
2026 жылы 29-31 қазан аралығында Карасай ауданы аумағында «Демалыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – мектеп демалысы кезінде кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, балалардың қараусыз қалуы мен ересектердің бақылауынсыз жүруіне жол бермеу.
Қарасай ауданында Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық сауаттылығын арттыру және жастар тәрбиесіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Кездесу аясында қатысушылар өзара пікір алмасып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар бойынша ұсыныстарын ортаға салды.
Әйтей ауылдық округінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, ауыл аумағын абаттандыру және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Сенбілік барысында мекеме қызметкерлері ауыл көшелерін, қоғамдық орындар мен аумақтарды тазалап, тазалық жұмыстарына белсене қатысты.





