Бүгінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналып келеді. Цифрландыру мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттырып, уақытты үнемдеуге және халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Жасанды интеллект пен инновациялық шешімдерді дамыту – экономиканың өсуіне, еңбек өнімділігінің артуына және жаңа мүмкіндіктердің қалыптасуына жол ашады. Цифрлық сауаттылықты арттыру және заманауи технологияларды тиімді пайдалану – болашаққа …
Шамалған ауылдық округінде жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру бағытында кезекті жұмыс атқарылды. Жібек жолы көшесіндегі екі жаяу жүргіншілер өткеліне қосымша жарықтандыру орнатылды. Бұл әсіресе кешкі және түнгі уақытта жолдан өтетін тұрғындар үшін қолайлылықты арттырып, өткелдердің анық көрінуін қамтамасыз етеді. Жарықтандырылған өткелдер жүргізушілердің назарын жаяу жүргіншілерге дер кезінде аударып, жолдағы қауіпсіз қозғалысқа оң әсерін тигізеді. Тұрғындарға жайлы …
Алматы облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, Қарасай ауданының Полиция басқармасында жұмыс кеңесін өткізді. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасына енгізілген өзекті жаңашылдықтар түсіндірілді. Әсіресе, 2027 жылғы қаңтар айынан бастап күшіне енетін заңнамалық өзгерістерге ерекше назар аударылды. Қатысушыларға жаңа нормалардың негізгі ережелері жеткізіліп, оларды қызметтік …
Қарасай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Қаскелең гуманитарлық-техникалық колледжінде “Екінші өмір” Қайта өңдеу (Recycling) және қайта пайдалану тақырыбында, 200 студенттің қатысуымен кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты – жастардың экологиялық сауаттылығын арттыру, табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін қалыптастыру және қоршаған ортаны таза ұстауға шақыру. Кездесу барысында экологиялық мәселелер, табиғи ресурстарды үнемдеу және қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы талқыланды.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Шамалған ауылдық округінде алма ағаштары отырғызылды. Ағаш отырғызу — табиғатты қорғау ғана емес, келешек ұрпаққа таза әрі көрікті орта қалдыруға қосылған үлес. Бүгін егілген әрбір көшет — ертеңгі жасыл желекке, берекелі ауылға бастар қадам.
Сегодня в селе Шалкар Карасайского района проходит встреча, посвящённая разъяснению приоритетных направлений, обозначенных в Послании Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана. Основная цель встречи – разъяснение сути и значения инициатив, озвученных в Послании Президента, обсуждение их роли в развитии регионов, а также ответы на актуальные вопросы жителей. Среди специально приглашённых спикеров – вице-министр энергетики Республики …
Бүгін Қарасай ауданының Шалқар ауылында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында белгіленген басым бағыттарды түсіндіруге арналған кездесу өтуде. Жиынның басты мақсаты – Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген бастамалардың мәні мен маңызын түсіндіру, олардың өңірлерді дамытудағы рөлін талқылау және тұрғындардың көкейдегі сауалдарына жауап беру. Кездесуге арнайы шақырылған спикерлер қатарында Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Қайырхан Серікұлы …
Сегодня в Карасайском районе проходит встреча, посвящённая разъяснению приоритетных направлений, обозначенных в Послании Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана от 28 октября на тему «Актуальные задачи Казахстана на новом историческом этапе». В Послании Президент уделил особое внимание развитию инфраструктуры здравоохранения. В частности, предусмотрено строительство восьми современных перинатальных центров и семи многопрофильных детских больниц по стране. …
Бүгін Қарасай ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 28 қазанда Қазақстан халқына жариялаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында белгіленген басым бағыттарды түсіндіруге арналған кездесу өтуде. Президент Жолдауында денсаулық сақтау инфрақұрылымын жүйелі түрде дамытуға ерекше назар аударды. Атап айтқанда, елімізде сегіз заманауи перинаталдық орталық пен жеті көпбейінді балалар ауруханасын салу жоспарланған. Олардың қатарында Қаскелең …
28 октября Глава государства Касым-Жомарт Токаев выступил с Посланием народу Казахстана на тему «Актуальные задачи Казахстана на новом историческом этапе». В документе обозначен ряд важных задач, направленных на социально-экономическое развитие страны, повышение качества жизни населения, модернизацию инфраструктуры и совершенствование социальной политики. Особое внимание Президент уделил системе социальной поддержки граждан, подчеркнув необходимость адресного предоставления государственной помощи …








