Бүгін Қарасай ауданының Шалқар ауылында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында белгіленген басым бағыттарды түсіндіруге арналған кездесу өтуде.
Жиынның басты мақсаты – Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген бастамалардың мәні мен маңызын түсіндіру, олардың өңірлерді дамытудағы рөлін талқылау және тұрғындардың көкейдегі сауалдарына жауап беру.
Кездесуге арнайы шақырылған спикерлер қатарында Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Қайырхан Серікұлы Тұтқышбаев, «Әділет» партиясынан Қазақстан Республикасы Құрылтайының I шақырылымының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Арман Серікұлы Жансенгіров және Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұрсұлтан Жұмабайұлы Орынбасаров бар.
Сонымен қатар басқосуға Шалқар ауылының тұрғындары қатысуда.
Кездесу барысында Жолдауда айқындалған елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, энергетика саласын жетілдіру, халықтың әл-ауқатын арттыру және өңірлердің өзекті мәселелерін шешу бағыттары талқыланып, тұрғындармен ашық пікір алмасу жоспарланған.

