Қарасай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жастарға ақпарат» жобасы аясында аудан аумағындағы базарлар мен адам көп шоғырланатын қоғамдық орындарда ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында тұрғындар мен жастарға мемлекеттік бағдарламалар, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті қолдау, білім алу мүмкіндіктері және жастарға арналған өзге де мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат қамтылған ақпараттық парақшалар таратылды. Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты – …
Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және кәмелетке толмағандарға қатысты заң талаптарының сақталуын бақылау мақсатында мектеп маңындағы сауда орындарында рейдтік және түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға АПБ ҚҚБ ЮПТ инспекторы, полиция майоры Р. А. Уркинбаев, мектеп директоры Ж. Т. Айтакова және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Рейд барысында сауда орындарының қызметкерлеріне кәмелетке толмағандарға заңмен …
Uzdik Academy аясындағы «Media» жобасының кезекті подкаст түсірілімі Үшқоңыр орта мектеп-гимназиясымен жалғасты. Мектеп өмірін ұстаздардың өз аузынан естудің орны бөлек. Подкаст олардың тәжірибесін танытуға, ізденістерін бөлісуге және әріптестер арасында жаңа әңгімеге бастау беруге мүмкіндік жасайды.
«Кітап оқитын ұлт» жобасы – оқырмандарды кітап оқуға ынталандырып, көркем әдебиетке қызығушылығын арттыруға бағытталған жоба. Жобаға қатысушы, Каскелен Қалалық кітапханасының оқырманы Оразов Нұртас І.Есенберлиннің «Алтын Орда» шығармасын оқып, кітап туралы өз ойын жеткізді. Оқырмандарға шығарманы оқуға ұсынып, кітап оқуға шақырды. Кітап оқыған ұлт – ойы терең, танымы кең ұлт!
Цифрлық технологиялар – қоғамның дамуына серпін беріп, күнделікті өмірді жеңілдетудің маңызды құралы. Ал жасанды интеллект (ЖИ) жаңа идеяларды жүзеге асырып, қызмет көрсету сапасын арттыруға және уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Бүгінде цифрландыру арқылы мемлекеттік қызметтерді онлайн алу, ақпаратқа жылдам қол жеткізу және заманауи технологияларды тиімді пайдалану мүмкіндігі кеңейіп келеді. Цифрландыру мен ЖИ – инновацияға жол …
Ардагерлер ұйымының кезекті отырысында Қарасай ауданы Жастар ресурстық орталығының басшысы Нұрбек Жүзбайұлы 2026 жылы атқарылған жұмыстар бойынша есептік баяндама жасады. Баяндама барысында аудан жастарын жұмыспен қамту, жастар кәсіпкерлігін дамыту, құқықбұзушылықтың алдын алу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, волонтерлік қозғалысты дамыту және жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар, жыл ішінде жүзеге асырылған жобалар …
Шамалған ауылындағы орта мектеп мұғалімдері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында мектеп ауласында тазалық жұмыстарын жүргізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және туған жерге деген жанашырлықты арттыру. Ұстаздар мектеп аумағын тазалап, абаттандыру жұмыстарына өз үлестерін қосты. Тазалық – ортақ міндет, табиғатты қорғау – әр азаматтың парызы!
В Астане состоялась торжественная церемония награждения победителей Национального конкурса «Мерейлі отбасы – 2026». Ими стали 20 образцовых семей из разных регионов Казахстана, демонстрирующих пример взаимного уважения, трудолюбия, преемственности поколений и ответственного отношения к воспитанию детей. В числе почетных гостей церемонии – члены Национальной комиссии по делам женщин и семейно-демографической политике при Президенте Республики Казахстан, представители …
Астанада «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқауда еліміздің әр өңірінен адал еңбегімен және ұрпақ тәрбиесіндегі өнегесімен көпке үлгі болған 20 отбасы жеңімпаз атанды. Салтанатты жиынның құрметті қонақтары қатарында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері, Құрылтай, Қазақстан Халық Кеңесі, Аналар кеңесі мен Әкелер одағының …
Алматы облыстық әмбебап кітапханасы мен Қарасай аудандық кітапханасы ұйымдастырған «Қазақ әдебиетіндегі ана бейнесі – зерделі ұлттың негізі» атты әдеби-сазды кеш өтті. Рухани шараның мақсаты – қазақ әдебиетіндегі ана бейнесін кеңінен таныту, ұлттық тәрбие мен отбасылық құндылықтарды дәріптеу, кітап оқу мәдениетін насихаттау және жас ұрпақтың көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру. Кешке Қарасай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене …









