Ардагерлер ұйымының кезекті отырысында Қарасай ауданы Жастар ресурстық орталығының басшысы Нұрбек Жүзбайұлы 2026 жылы атқарылған жұмыстар бойынша есептік баяндама жасады.
Баяндама барысында аудан жастарын жұмыспен қамту, жастар кәсіпкерлігін дамыту, құқықбұзушылықтың алдын алу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, волонтерлік қозғалысты дамыту және жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Сонымен қатар, жыл ішінде жүзеге асырылған жобалар мен іс-шаралардың нәтижелері сараланып, алдағы кезеңге арналған басым бағыттар мен жоспарлар таныстырылды.

