«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қарасай ауданында қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығын сақтау және абаттандыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда.
Осы игі бастамаға Алмалыбақ ауылында орналасқан Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының ұжымы да белсенді атсалысты. Институт қызметкерлері ауылдың Ерлепесов көшесінің бойында тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоғамдық аумақты қоқыстан тазартып, айналаның көркеюіне өз үлестерін қосты.

