Подтверждение рейтинга отражает сильную фискальную позицию Казахстана, которая поддерживается низким уровнем государственного долга, высокой способностью обслуживания долга и накопленными валютными активами. Это все обеспечивает гибкость экономической политики и существенный запас прочности для смягчения последствий внешних экономических шоков. Агентство отмечает, что несмотря на снижение добычи нефти, экономика Казахстана продолжает расти за счет значительного вклада в рост …
Рейтингті растау мемлекеттік борыштың төмен деңгейімен, борышқа қызмет көрсетудің жоғары қабілеттілігімен және жинақталған валюталық активтермен қолдау көрсетілетін Қазақстанның күшті фискалдық ұстанымын көрсетеді. Мұның бәрі экономикалық саясаттың икемділігін және сыртқы экономикалық күйзелістерді азайту үшін айтарлықтай қауіпсіз қорды қамтамасыз етеді. Агенттік мұнай өндірудің төмендеуіне қарамастан, Қазақстан экономикасы өңдеуші өнеркәсіптің, құрылыстың, көліктің және басқа да мұнай емес секторлардың …
Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті дамыту – қоғамның жаңа мүмкіндіктерге қадам басуы. Цифрландыру – тиімділік пен қолжетімділікке жол. Жасанды интеллект – инновация мен дамудың жаңа бағыты. Заманауи технологияларды тиімді пайдалану арқылы қызмет көрсету сапасын арттырып, уақытты үнемдеп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашамыз. Цифрлық даму – жарқын болашақтың негізі!
Бүгін Елтай ауылдық округінде абаттандыру және тазалықты сақтау мақсатында сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық шарасына Елтай жайлы мектебінің еріктілері, М. Бейсебаев атындағы орта мектептің жас мамандары, Елтай ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері, ауыл тұрғындары, сондай-ақ кішкентай еріктілер де белсене қатысты. Сенбілік барысында ауыл аумағы тазартылып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға бағытталған жұмыстар жүргізілді. Туған жердің көркеюіне үлес қосып, …
Жібек жолы ауылының тазалығына үлес қосқан жандарға қолдау көрсетілді. Ауылдың тазалығы мен көркеюіне күн сайын өз үлесін қосып жүрген тазалыққа жауапты адамдарға азық-түлік жағынан көмек көрсетіліп, қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Бұл игі бастамаға атсалысып, өз қолдауын көрсеткен кәсіпкерлерімізге шын жүректен алғыс айтамыз!
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Шамалған ауылында сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілік барысында ауыл аумағында тазалық жұмыстары жүргізіліп, қоғамдық орындар мен көшелер абаттандырылды. Тазалық – баршаға ортақ міндет. Туған жеріміздің көркеюіне үлес қосып, ауылымызды таза әрі көрікті ұстауға шақырамыз!
Бүгінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналып келеді. Цифрландыру мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттырып, білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және экономика салаларының дамуына жаңа мүмкіндіктер ашуда. Жасанды интеллектіні дамыту – инновациялық технологияларды енгізудің, еңбек өнімділігін арттырудың және еліміздің цифрлық әлеуетін нығайтудың маңызды бағыты.
Алмалыбақ ауылының елді мекен шегіне жаңадан қосылған тұрғын алабындағы ұзындығы 1,8 шақырымды құрайтын көшеге асфальт төсеу жұмыстары аяқталды. Аталған мәселе тұрғындар тарапынан көтеріліп, Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Тоққожаұлы Естеновтің қолдауымен оң шешімін тапты. Жол жұмыстары ауданның автомобиль жолдары және қоғамдық көлік саласына жауапты мемлекеттік мекемесінің тапсырысымен жүзеге асырылды. Жалпы, биыл Ұмтыл ауылдық округінде жол инфрақұрылымын …
Алматы облысы аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көлік құралдарына жалған және қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін орнату мен пайдаланудың алдын алу мақсатында «Жалған нөмір» профилактикалық, іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара барысында автокөліктердің мемлекеттік тіркеу нөмірлерінің заңдылғы тексеріліп, анықталған құқық бұзушылықтардың, жолын кесу бойынша тиісті шаралар қабылдануда. Сонымен қатар, жүргізушілерге қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау қажеттілігі түсіндірілуде.
Қарасай ауданы Жастар ресурстық орталығында «Шамшырақ» жас ұстаздар хабының 2027 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды. Жиын барысында хабтың алдағы кезеңдегі негізгі бағыттары айқындалып, жоспарланған іс-шаралар мен бастамалар сараланды. Сонымен қатар, жас ұстаздардың кәсіби дамуын қолдау, тәжірибе алмасу және олардың қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған бірқатар жобалар әзірленді. Алдағы уақытта аталған жобаларды кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарлануда.









