«Мөлдір бұлақ» акциясы аясында «Жасыл ел» еңбек жасақшылары Қаскелең өзенінің жағалауын қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізді.
Акцияның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, табиғи аумақтардың тазалығын сақтау және жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Таза табиғат – жарқын болашақтың кепілі!

