Қарасай ауданы, Шамалған ауылдық округі аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында әкімшілік ғимаратының аумағы абаттандырылып, айналадағы қоқыстар жиналып, тазалық жұмыстары жүргізілді. Акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, туған жерге деген жауапкершілікті арттыру және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті дамыту – қоғамның жаңа мүмкіндіктерге қадам басуы. Цифрландыру – тиімділік пен қолжетімділікке жол. Жасанды интеллект – инновация мен дамудың жаңа бағыты. Заманауи технологияларды тиімді пайдалану арқылы қызмет көрсету сапасын арттырып, уақытты үнемдеп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашамыз. Цифрлық даму – жарқын болашақтың негізі!
Іргелі ауылдық округінің әкімдігі салықтық тәртіпті нығайту және салық төлемдерінің бюджетке уақтылы түсуін қамтамасыз ету бағытында жұмыс жүргізуде. Қарасай ауданының полиция қызметкерлерімен бірлесіп өткізілген рейдтік іс-шара барысында көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешектің бар-жоғы тексеріліп, автокөлік иелеріне салықтарды уақтылы төлеу қажеттілігі түсіндірілді.
Достық — сыйластықтан, ал сыйластық — бір-бірімізді түсінуден басталады! Мектебімізде буллингтің алдын алу, оқушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, өзара құрмет пен мейірімділік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында профилактикалық бейнеролик түсірілді. Әрбір бала құрметке лайық! Біреуді кемсітуге, мазақ етуге немесе шеттетуге жол бермейік. Бір-бірімізге қолдау көрсетіп, қиын сәтте жанымыздан табылып, мейірімділік пен достықты бірге қалыптастырайық! Біз буллингке қарсымыз! …
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Қарасай ауданының әкімі Естенов Жасұлан Тоққожаұлының қатысуымен Әйтей ауылдық округі, Өмірзақ ықшам ауданының саябағында аудандық сенбілік өтті. Сенбілікке Әйтей ауылдық округінің әкімі Қатубаев Жарқын Қанатұлы, мекеме басшылары мен қызметкерлері қатысты. Өмірзақ орта мектебінің ұжымы да тазалық шарасына атсалысып, саябақ аумағын тазалауға өз үлесін қосты. Туған жердің тазалығы – баршамызға ортақ …
В преддверии Дня Республики Казахстан в рамках республиканского марафона «Читающая нация» стартует акция «Саған кітап арнадым» («Книга для тебя»), направленная на популяризацию чтения, развитие культуры дарения книг и укрепление интереса к литературе среди жителей страны. День Республики — особая дата, символизирующая становление казахстанской государственности, национальное единство и ответственность за будущее страны. Это также повод обратиться …
Республика күні қарсаңында «Кітап оқитын ұлт» марафоны аясында кітап сыйлау мәдениетін дамытуға және ел тұрғындарының әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға бағытталған «Саған кітап арнадым» акциясы басталады. Республика күні — Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуын, ұлттық бірлікті және ел болашағы алдындағы жауапкершілікті айшықтайтын ерекше мереке. Бұл — түрлі буын өкілдерін байланыстыратын, қоғамның дамуына бағыт-бағдар беретін құндылықтарға назар аударуға мүмкіндік. …
Бүгінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналып келеді. Цифрландыру мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттырып, білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және экономика салаларының дамуына жаңа мүмкіндіктер ашуда. Жасанды интеллектіні дамыту – инновациялық технологияларды енгізудің, еңбек өнімділігін арттырудың және еліміздің цифрлық әлеуетін нығайтудың маңызды бағыты.
Облыс әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы Қарасай ауданына жасаған іссапары барысында өңірдегі жетекші өндіріс орындарының жұмысымен танысты. Сапар аясында ол Қарасай ауданындағы «AziaAgroFood» кәсіпорны мен «ALSAD» құс фабрикасына арнайы барып, өндірістік процестерді егжей-тегжейлі аралап көрді. Кәсіпорын басшыларымен кездесу барысында өнім көлемін арттыру, заманауи технологияларды енгізу және азық-төлек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Мұндай өндіріс орындары өңір …
Қарасай ауданы ювеналды полиция басқармасы мен Жастар ресурстық орталығының бірлесуімен Санжар Жандосов атындағы колледжінің жатақханасында Нашақорлыққа жол жоқ тақырыбында жиын өткізіліп, жатаханаға профилактикалық тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру барысында жатақхананың санитарлық және жалпы жағдайы қаралып, онда тұратын студенттердің тұрмыс-тіршілігімен танысу жүргізілді. Сонымен қатар студенттерге құқықтық сауаттылықты арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша …









