Облыс әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы Қарасай ауданына жасаған іссапары барысында өңірдегі жетекші өндіріс орындарының жұмысымен танысты.
Сапар аясында ол Қарасай ауданындағы «AziaAgroFood» кәсіпорны мен «ALSAD» құс фабрикасына арнайы барып, өндірістік процестерді егжей-тегжейлі аралап көрді. Кәсіпорын басшыларымен кездесу барысында өнім көлемін арттыру, заманауи технологияларды енгізу және азық-төлек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Мұндай өндіріс орындары өңір экономикасын дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға елеулі үлес қосып келеді.

