Қарасай ауданы ювеналды полиция басқармасы мен Жастар ресурстық орталығының бірлесуімен Санжар Жандосов атындағы колледжінің жатақханасында Нашақорлыққа жол жоқ тақырыбында жиын өткізіліп, жатаханаға профилактикалық тексеру жұмыстары жүргізілді.
Тексеру барысында жатақхананың санитарлық және жалпы жағдайы қаралып, онда тұратын студенттердің тұрмыс-тіршілігімен танысу жүргізілді. Сонымен қатар студенттерге құқықтық сауаттылықты арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

