Мүгедектігі бар адамдар күніне орай, Қарасай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен Қарасай аудандық Мәдениет үйінде ерекше балаларға арналған «Жүректен жүрекке» атты дәстүрлі мерекелік фестиваль өтті. Бұл шараның басты мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар балаларға қуаныш сыйлап, олардың қоғам өміріне белсене араласуына және бойындағы дарынын танытуына мүмкіндік беру. Мерекелік шараға 50-ге жуық ерекше бала мен олардың ата-анасы қатысты.Фестиваль шымылдығы көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған әсем әндермен ашылып, сахнада жүректерді жылытқан әсерлі де әуезді өнер көрсетілді. Кеш барысында:
🔹 «Сәуле сапар» және «Ақниет-А» оңалту орталықтарының тәрбиеленушілері мен жас өнерпаздар сахна төріне шықты;
🎶 Жанды тербейтін әуендер мен аналарға арналған жүрекжарды әндер шырқалып, жігерлі өлеңдер оқылды;
💃 Көпшіліктің қошеметіне бөленген ұлттық және заманауи билер орындалды.
Фестиваль соңында мереке демеушілері бүлдіршіндерге ерекше қуаныш сыйлап, арнайы дайындалған сыйлықтарды табыстады.

