Іргелі ауылдық округінің әкімдігі салықтық тәртіпті нығайту және салық төлемдерінің бюджетке уақтылы түсуін қамтамасыз ету бағытында жұмыс жүргізуде.
Қарасай ауданының полиция қызметкерлерімен бірлесіп өткізілген рейдтік іс-шара барысында көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешектің бар-жоғы тексеріліп, автокөлік иелеріне салықтарды уақтылы төлеу қажеттілігі түсіндірілді.

